Халықаралық әріптестік әлеуеті артып келеді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 27 желтоқсан 2024
  • 232

Халықаралық әріптестік әлеуеті артып келеді

Университетіміздің "Физика-химиялық талдау әдістері" инженерлік бейіндегі зертханасына қыркүйек айынан бері 14 шетелдік ғалым келіп, тәжірибе алмасты. Бұл оқу орнының ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастығын жүзеге асырудағы нәтижесі.

Шетелдік ғалымдармен университет базасында зерттеу бағыттары аясында жүргізілген жұмыстар талқыланып, бірлескен жоспарлар қаралды.
09-19 желтоқсан
Лозовичка Бозена – Польшаның «Өсімдіктерді қорғау институты» Ұлттық ғылыми-зерттеу институтының аймақтық тәжірибе станциясының директоры, PhD. Ғылыми қызығушылықтары: аналитикалық химия, ауыл шаруашылығы, экотоксикология, экология, қоршаған орта, ластану химиясы, тәуекелді бағалау, өсімдіктерді қорғау, токсикология, ксенобиотиктер.
12-15 қараша 
Корсаков Михаил - К.Д. Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университеті, М.В. Дорогов атындағы фармацевтикалық технологиялар трансфері орталығының директоры, х.ғ.д., профессоры.
Антон Шетнев - М.В. Дорогов атындағы фармацевтикалық технологиялар трансфері орталығының қызметкері, х.ғ.к., доценті.
Сергей Байков - Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Химия институтының қызметкері.
Ғылыми іс-сапар AP23490015 «Биомедициналық қолдану үшін циклдік амидин жүйелерінің және олардың табиғи қышқылдары бар конъюгаттарының дизайны, синтезі және химиялық трансформациясы» тақырыбындағы ғылыми жобасы аясында іске асты.
05-09 қараша 
Андрей Филонов, Янина Делеган , Александр Богун - РҒА Г.К. Скрябин атындағы Микроағзалар биохимиясы мен физиологиясы институтының қызметкерлері.
Ғылыми іс-сапар AP23489931 «Биоремедиация стратегиясын таңдау үшін Арал өңірінің мұнаймен ластанған топырақтары микроорганизмдерінің таксономиялық әртүрлілігін және биотехнологиялық әлеуетін зерттеу» тақырыбындағы ғылыми жобасы аясында іске асты.
29 қазан - 3 қараша  
Маргарита Неганова - б.ғ.д., А.Н. Несмеянов атындағы элементорганикалық химия институтының жетекші ғылыми қызметкері.
Юлия Александрова - б.ғ.к., А.Н. Несмеянов атындағы элементорганикалық химия институтының ғылыми қызметкері.
Эльмира Гибадуллина - А.Е. Арбузов атындағы органикалық және физикалық химия институтының аға ғылыми қызметкері.
Аталған ғалымдар қазіргі таңда университетіміздің химик-ғалымдарымен AP23490056 «Күріш қауызынан алынатын өсімдік майы май қышқылдарының моно- және диглицеридтерін фармакофорлы фрагменттермен модификациялау - ісікке қарсы қосылыстарды жасау» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жобасын бірігіп орындауда.
16-23 қазан
Юлия Алексеёнок - Біріккен ядролық зерттеулер институты, И. М. Франк атындағы Нейтрондық физика зертханасының ғылыми қызметкері, география ғылымдарының кандидаты. 
Анастасия Кругляк - И. М. Франк атындағы Нейтрондық физика зертханасының инженері.
Зертханада болу барысында өздерінің "ЭГ-5 электростатикалық генераторын қолдану арқылы қолданбалы зерттеулер" тақырыбындағы зерттеулерімен таныстырды. Олар ядролық зерттеулерде электростатикалық генератордың рөлі, оның қолданбалары және ғылыми зерттеулердегі маңыздылығы туралы кеңінен баяндады. 
20 қыркүйек-4 қазан 
Андрей Любчик - Лусофона университетіндегі Deep Technology Laboratory зерттеу орталығының жетекші зерттеушісі.
Сергей Любчик - Лузофона университетіндегі Deep Technology Laboratory зерттеу орталығының жетекшісі және химиялық инженерия бойынша ғылым докторы.

Ғалымдармен бірлескен бірнеше ғылыми жобаларды жүзеге асырылуда, олардың қатарында Альцгеймер және Паркинсон ауруларының алдын алу үшін фитоматериалдар негізінде дәрі-дәрмек әзірлеу, күріш және мұнай қалдықтарын қайта өңдеу арқылы жаңа сорбенттер алу бар.

Шетелдік ғалымдар оқу орнының “Физика-химиялық талдау әдістері” инженерлік бейіндегі зертханасы мен Т.Д. Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық ғылыми-білім беру орталығының қызметкерлеріне, “Инжинирингтік технологиялар” БББ мен “Биология, география және химия” БББ-ның профессор-оқытушыларына, жас ғалымдар, докторанттар және магистранттарға өз тәжірибелерімен бөлісіп, дәріс оқыды. Алдағы уақытта да бірлескен әріптестік жобалар жалғасын табады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...