УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ІІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 12 қараша 2026
  • 42

УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ІІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Айдар Нұрбол мен Жарылқап Бексұлтан ІІ Республикалық студенттік жобалар мен зерттеулер байқауында жүлделі ІІ орынға ие болды. Жобаның ғылыми жетекшісі – Қажымұрат Ғалымжан.
Қазақстан Республикасы Банктер қауымдастығы ұйымдастырған байқаудың финалдық кезеңі Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінде өтті. Қатысушылар жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, финтех және қаржы саласындағы цифрлық шешімдер бағыттары бойынша әзірлеген жобаларын таныстырды.
Финалдық кезеңге еліміздің 36 жоғары оқу орнының өкілдері қатысты. Олардың қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Astana IT University, SDU University, Narxoz University және De Montfort University Kazakhstan бар.

WhatsApp Image 2026-11-12 at 09.04.54.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-12 at 09.04.38.jpeg

Қорқыт ата университетінің студенттері байқауда «Traceon: банктер үшін криптовалюталық аударымдардағы ақшаны жылыстату тәуекелін машиналық оқыту арқылы бағалау» жобасын сәтті қорғап, ІІ орын иеленді.
Жоба криптовалюталық операциялардағы ақшаны жылыстату тәуекелін бағалауға бағытталған. Студенттер бұл мәселені шешуде машиналық оқыту әдістерін қолдануды ұсынған. Зерттеу ақпараттық қауіпсіздік, деректерді талдау және қаржы технологиялары бағыттарын тоғыстырады.
Байқау қорытындысы бойынша университет командасы ІІ дәрежелі грамота және арнайы жүлдемен марапатталды. Сондай-ақ студенттерге KASE Academy-де бір айлық ақылы тағылымдамадан өтуге сертификат табысталды.
Айдар Нұрбол мен Жарылқап Бексұлтанды және олардың ғылыми жетекшісі Қажымұрат Ғалымжанды жетістіктерімен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации