Биыл грантқа түскендер саны 19,37%-ға артты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 22 тамыз 2022
  • 1863

Биыл грантқа түскендер саны 19,37%-ға артты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университіне 949 талапкер мемлекеттік грант бойынша оқуға түсті. Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша Қызылорда облысы бойынша 7 506 оқушы мектеп бітіріп, оның 6 570-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Бұл туралы Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Кәрімова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында баяндады.

Тестілеу нәтижесі бойынша жоғары оқу орындарына 5 439 бітіруші түлек құжат тапсырып, оның 4 082 талапкері мемлекеттік білім беру грантына қол жеткізді. Соның ішінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне мемлекеттік грант бойынша оқуға түскені – 949 құрады. Оның ішінде 448 педагогикалық салада, 255-і инженерлік бағытта.

Айта кетейік, оқу орнына мемлекеттік грант бойынша оқуға түскендер 2020 жылы 519 болса, 2021 жылы 795 грант иегері, ал биыл бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 19,37 пайызға артып отыр.

«Университет тарапынан дарынды жастарды қолдау мен оқу орнына тарту мақсатында ішкі гранттар тағайындалды. Толығырақ тоқталып кетейін: «Дарын» республикалық ғылыми-зерттеу орталығымен бірлескен 4 байқау өтіп,  40 грант бөлінді.  Ал облыстық Дарын орталығының байқауына - 11 грант, Қорқыт Ата университетінің пәндік олимпиада жеңімпаздарына - 20 грант, Интеллектуалды ұлт байқауына - 3 грант, Innofest-2021 облыстық инновациялық жобалар фестиваліне - 4 грант, «Жаңа дәуір - жаңа Қазақстан» фестивалі жеңімпазына - 1 грант, «Атамекен» балалар үйінің түлегіне - 2 грант берілді»,-деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

Сонымен қатар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне оқуға түсуші ұлты қазақ шетелдік азаматтар арасында «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында онлайн эссе байқауын ұйымдастырылды. Оған Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан елдерінен үміткерлер қатысып, байқау жүлдегерлеріне 10 грант бөлінді.

Бұдан бөлек, өңірге қажетті мамандықтар бойынша 2022 жылға облыс әкімінің 42 гранты бөлінді. Ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққандар, жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалғандар және мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар талапкерлерге «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан 10 грант берілді.  Еске сала кетейік, білім беру гранттарын алуға  құжат тапсыру жалғасуда.

Магистратура бойынша оқу орны арқылы мемлекеттік грантқа 778 адам өтініш білдіріп, оның 621-і Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін таңдады. Ал докторантура бойынша 21 үміткер өтініш білдірген. Конкурс нәтижесі 25 тамызда белгілі болады.

IMGL7321.JPG

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...