Enactus Kazakhstan Road Show 2025 форумы өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 20 мамыр 2025
  • 329

Enactus Kazakhstan Road Show 2025 форумы өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Enactus халықаралық ұйымының бастамасымен және жергілікті серіктестердің қолдауымен Enactus Kazakhstan Road Show 2025 форумы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Аталған форум – жас көшбасшыларды, кәсіпкерлікке бейім студенттер мен әлеуметтік жобалар авторларын бір арнаға тоғыстырып, оларды тұрақты даму мақсаттары аясында нақты әрекетке ынталандыруды көздейтін маңызды алаң болып табылады.

WhatsApp Image 2025-05-20 at 17.05.53.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-20 at 17.05.53 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-20 at 17.05.52 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-20 at 17.05.54 (1).jpeg

Ауқымды шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушылары, мектеп оқушылары мен жас кәсіпкерлер қатысып, өздерінің инновациялық жобаларын таныстырды.
Форумның ашылу салтанатында университеттің Стратегиялық даму және IT жөніндегі проректоры Махмұт Томанов құттықтау сөз сөйлеп, мұндай бастамалардың жастар үшін маңыздылығына тоқталды. Ол Enactus форумының студенттердің көшбасшылық қабілеттерін дамытып, әлеуметтік жауапкершілік пен кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыруда ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
Enactus – қазіргі таңда әлемнің 35-тен астам елінде жүзеге асырылып жатқан халықаралық білім беру бағдарламасы. Бұл жоба арқылы студенттер әлеуметтік және экологиялық мәселелерді кәсіпкерлік жолмен шешіп, қоғамға оң әсер етуге мүмкіндік алады. Айта кетейік, биыл Enactus Kazakhstan ұйымының құрылғанына 30 жыл толып отыр.

WhatsApp Image 2025-05-20 at 17.05.53 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-20 at 17.05.54.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-20 at 17.05.55.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-20 at 17.05.52.jpeg

Форум барысында студенттер өңірлік өзекті мәселелерге арналған идеяларын ұсынып, әлеуметтік кәсіпкерлік бағытында ой-пікірлерін дамытты. Сонымен қатар Enactus қозғалысына жаңа қатысушылар тартылып, жастар арасында әлеуметтік жауапкершілік пен инновациялық ойлау қабілеттері қалыптасты.
Enactus Kazakhstan Road Show – жастардың белсенділігін арттыруға, өңірлік жобаларды қолдауға және білім беру ұйымдарының қоғаммен байланысын нығайтуға бағытталған стратегиялық бастама.
Шара соңында қатысушыларға арнайы дипломдар табысталды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...