Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Қазақстанның көрнекті ғалымына қолдау білдіреді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 25 шілде 2025
  • 144

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Қазақстанның көрнекті ғалымына қолдау білдіреді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылар құрамы және ғылыми қауымдастығы Қазақстан Республикасы Ғылым саласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Мемлекеттік сыйлығына профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровты ұсыну және оны тағайындау жөніндегі бастаманы толық қолдайды.

Профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаров – Қазақ Мемлекетінің және түркі елдерінің IX–XIX ғасырлардағы тарихи картографиясы мен географиясы саласындағы көрнекті зерттеушісі. Оның Қазақстан ғылымындағы серпінді де іргелі жаңалықтарымен ерекшеленетін ғылыми еңбектері үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жарық көрген екі негізгі монография-атласта ұсынылған:
«Тарих толқынындағы Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі. XVI–XIX ғасырлардағы Еуропа мен Америка карталарындағы Қазақ Мемлекеті» (Брюссель, 2021),
«XV–XIX ғасырлардағы Еуропа мен Америка карталарындағы Қазақ Мемлекеті» (Брюссель, 2024).

9e14f171-bc16-467f-94ad-9d8ded96f254.jfif

1c21e33a-ee90-41e6-9273-6287f991b9f2.jfif

Бұл еңбектер алғаш рет ғылым тарихында Еуропа, АҚШ, Азия және Таяу Шығыс елдерінің мемлекеттік және корольдік архивтерінде, кітапханаларында, музейлерінде сақталған 5000-нан астам сирек картографиялық дереккөзді ғылыми айналымға енгізді. Бұл баға жетпес картографиялық материалдар Қазақ Мемлекетінің ғасырлар бойы үзіліссіз мемлекеттілігін, тарихи сабақтастығын, геосаяси субъектілігін және халықаралық танымалдылығын нақты тарихи-фактологиялық деректермен дәлелдейді.

Ғалымның жаңалықтары халықаралық деңгейде де жоғары бағаланды: профессор Сыдықназаровтың ғылыми зерттеулері Франция Ұлттық ғылым академиясының (Париж, 2023), Польша ғылым академиясының (Варшава, 2024), Түркі Әлемінің географтары конгресінің (Түркістан, 2024) ғылыми кеңестерінде таныстырылып, жоғары ғылыми бағаға ие болды. Ол Түркі әлемінің мемлекеттері тарихи географиясына, тарихи картографиясына қосқан үлесі үшін Алтын медальмен марапатталды.

Ғалымның ағартушылық қызметін де ерекше атап өткіміз келеді: Қазақ Мемлекетінің ғасырлар бойғы тарихында алғаш рет елімізде және шетелде «Қазақ Мемлекетінің IX–XIX ғғ. көне карталар Галереялары» ашылып, үздіксіз жұмыс істеуде. Бұл бірегей көрме-экспозициялар арқылы кез келген адам Қазақ Мемлекетінің бағалы карталарымен көзбе-көз таныса алады.

Аталған галереялар шетелде — Брюссель (Бельгия), Париж (Франция), Лондон (Ұлыбритания), Мәскеу (Ресей), Варшава (Польша), Сан-Франциско (АҚШ), Чикаго (АҚШ), Ташкент (Өзбекстан) қалаларында, сондай-ақ Қазақстан қалаларында — Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Өскемен, Түркістан, Орал, Шымкент, Щучинск қалаларында ашылған.

Бұл зерттеулер Қызылорда өңірі үшін де ерекше маңызға ие. Өңір аумағында Сығанақ, Жанкент, Жент, Күйкент, Қазалы, Асанас, Баланды және басқа да Қазақ Мемлекетінің дамуына айрықша үлес қосқан ортағасырлық қалалар мен тарихи орталықтар орналасқан. Ғалым Мухит-Ардагер Сыдықназаровтың зерттеулері нәтижесінде бұл қалалардың бейнелері IX–XIX ғасырлардағы еуропалық тарихи карталардан анық көрініс тапты.

Қызылорда облысының тарихи мұрасы – Қазақ Елі мемлекеттілігінің дәстүрлерінің жарқын айғағы, тірі шежіресі. Бұл тарихи кеңістік алғаш рет ғылыми тұрғыда, нақты картографиялық деректер негізінде профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың еңбектері арқылы жан-жақты зерделенді. Ғалымның зерттеулері география, тарих, құқық, мәдени мұра және заманауи ғылым салаларының тоғысында орын алады.

522607193_751384487273866_5143654747200264679_n.jpg dab41b22-0db6-41b6-a1c5-c924f25ad6ee.jfif

Ғалым Мұхит-Ардаге Сыдықназаровтың ғылыми картографиялық зерттеулері, тарихи география.негізінде нақты, академиялық, картографиялық бейнеде ұсынылып отыр. Оның еңбектері географияны, тарихты, құқықты, мәдени мұраны және заманауи ғылыми тәсілдерді өзара тоғыстырады.

Ғалым Қазақстанда жаңа ғылыми бағыт — Қазақ Мемлекетінің IX–XIX ғасырлардағы тарихи картографиясының және тарихи географияның негізін қалады.

Біз, Korkyt Ata University ғылыми қауымдастығы, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровқа Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру бастамасын терең сеніммен қолдаймыз. Бұл марапат – тек ғалымның еңбегін тану ғана емес, сонымен қатар Қазақстан ғылымының халықаралық беделін арттыру жолындағы маңызды қадам.

Біз профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың ғылыми жаңалықтары ең жоғары мемлекеттік бағалауға толық лайық деп сенеміз.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...