AI-Sana Қазақстанның зияткерлік болашағын қалыптастырады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 31 қазан 2025
  • 105

AI-Sana Қазақстанның зияткерлік болашағын қалыптастырады

«Қазақстан – академиялық білім беру аумағы» стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы барысында цифрлық құзыреттерді дамытуға бағытталған AI-Sana Ceremony таныстырылымы өтті. Шара аясында қатысушылар жасанды интеллект саласындағы жобалар таныстырылған ЖИ шешімдер көрмесін тамашалады. Отандық жоғары оқу орындары арасында үздік жасанды интеллект жобаларының авторлары марапат төрінен көрінді. 

Форумда сөз алған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек AI-Sana бастамасы тек заманауи технологияларды игеруге ғана емес, университеттерде жаңа ойлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. 

AY0I5075.JPG

AY0I5980.JPG

AY0I6012.JPG

«Бүгінде 549 мың студент жасанды интеллект пен ЖИ басқару курстарынан өтті, ал бағдарлама соңына дейін 650 мың білім алушыны қамту жоспарланып отыр. Жыл басында іске қосылған дайындық кезеңінде 390 мың сертификат берілген. AI-Sana – бұл жай ғана білім беру бағдарламасы емес, стартаптар құруға, жасанды интеллектіні кәсіби қызметке енгізуге және салалардың технологиялық дамуын жеделдетуге қабілетті жаңа буынды қалыптастыратын қозғалыс», – деді министр.

AY0I6001.JPG

AY0I5994.JPG

AY0I6086.JPG

Қазіргі таңда жасанды интеллектке арналған курстарды 175 мыңдай студент аяқтап, 250 мыңнан астамы сертификат иеленді. Coursera білім беру платформасы шеңберінде 95 қазақстандық жоғары оқу орнына арналған 37 мың лицензия ұсынылды. Нәтижесінде студенттер 59 мың сертификат алып, Қазақстан Coursera Awards халықаралық сыйлығының финалистері қатарына еніп отыр. 

Форум барысында «Ғылым қоры» АҚ мен «Platonus» ЖШС арасында AI-Sana Academy платформасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...