- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап бөлімі
- Жұмыс берушілер кеңесі
- 2024-2025 оқу жылына арналған магистратура бойынша кәсіби бағдар беру жол картасы
- Шетелдік студенттер санын көбейту мақсатында атқарылатын жұмыстар бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
- Жасанды интеллект институтының кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша 2024-2025 оқу жылына жылдық жұмыс жоспары
- Түйіндеменің үлгісі
- «Upgrade» алаңы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму бағдарламасы
- Корпоративтік басқару
- Директорлар кеңесі
- Корпоративтік хатшы
- Корпоративтік оқиғалар
- Корпоративтік құжаттар
- Директорлар кеңесінің отырыстары
- Директорлар кеңесінің комитеттері
- Директорлар кеңесінің қызметі туралы есеп
- Басқарма
- Басқарма отырыстары
- Ішкі аудит қызметі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызмет
- Жалғыз акционердің шешімдері
- Жылдық қаржылық есептілік
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Тәуекелдердің жиынтық картасы
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
- ТДМ
- Тұрақты даму саласындағы саясаты
- Тұрақты даму мақсаттары саласындағы саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
- «Білім беру және зерттеу арқылы Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету» атты дөңгелек үстел
- Қорқыт ата университетінде жасыл экономика мен құрылыс саласын дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті
- Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне арналған семинар өтті
- Барлық мүдделі топтар үшін 2025 жылғы Ерікті ұлттық шолуды талқылауға арналған семинар
- Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде экоклуб құрылды
- Тұрақты даму саласындағы саясатын жүзеге асыру тетігі
- Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі маман
- Ғылыми жобалар
- Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығы
- Тұрақтылық бойынша білім беру бағдарламалары
- Тұрақты даму жөніндегі уәкілеттілер
- Инклюзивті білім беру орталығы
- Тұрақты мемлекеттік сатып алу саясаты
- Күн электр станциясы
- Инклюзивті Инфрақұрылым схемасы

Шетелде оқу – қорқыныш емес, мүмкіндік
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 2-курс студенті Абылайхан Жандосұлы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында қазіргі таңда Бельгияда білім алып жүр. Ол бұл сапардың өзіне берген әсерімен және шетелдегі оқу тәжірибесімен бөлісті.
«Алғаш Бельгияға келген сәтімде бәрі жаңа, ерекше көрінді. Әуежайдан бастап айналам таза, тыныш, адамдар сабырлы болды. Бір сәтке өзімді басқа әлемде жүргендей сезіндім. Адамдардың сөйлеуі, өмір сүру салты мүлде бөлек екенін бірден байқадым», — дейді Абылайхан алғашқы әсерімен бөлісіп.
Абылайхан бұл мүмкіндік жайлы университет қабырғасында жүргенде білген. Оқытушылар мен халықаралық бөлім қызметкерлері шетелде оқу бағдарламалары туралы айтып, студенттерді белсенді қатысуға шақырған.
«1-курс соңында институт деканы өзімнің академиялық ұтқырлыққа үміткер екенімді айтып, құжат жинау процесін бастадық», — дейді ол.
Академиялық алмасу бағдарламасы арқылы Бельгияға аттанған студент виза мен құжат рәсімдеу кезінде біраз қиындық болғанын жасырмады.
«Барлық құжаттарды ағылшын және нидерланд тілінде толтыру керек болды. Қателіктер мен артық шығындар да кездесті, бірақ Брюссельге қонған сәтте оның бәрі ұмытылып кетті», - деді студент.
Бельгия университеті шетелдік студенттерге барынша қолдау көрсеткен. Адаптация аптасы өтіп, менторлар мен кеңесшілер көмек беріп отырған. Сабақтар ағылшын тілінде өтеді, ал студенттер арасындағы атмосфера өте жылы.
«Бәлкім, барлығымыз әр елден келгендіктен болар, ортада ерекше достық қарым-қатынас қалыптасқан», — дейді Абылайхан.
Оның айтуынша, ерекше ұнаған пәндер — Basic Programming пен Computer Network.
«Бұл пәндерде нақты жобалармен жұмыс істейміз. Профессорлар білікті, әр студенттің идеясын қолдап, қателіктерін түсіндіруге дайын», — дейді студент.
Бельгиядағы оқу тәжірибесі оның өмірлік көзқарасын да өзгертті.
«Бұрын тек оқу мен стипендия алуды мақсат етсем, қазір өз жобамды жасап, қоғамға пайда әкелуді армандаймын. Мұнда студенттерге жасалған жағдай керемет, сол себепті өз ісіңе толық көңіл бөле аласың», — дейді.
Бос уақытында Абылайхан достарымен қаланы аралап, мәдени іс-шараларға қатысады, спортпен айналысады.
«Қала шағын болғанымен өте әсем. Таңғы және кешкі уақытта таза ауада жүгіруге тамаша мүмкіндік бар», - деді.
Бельгиялық студенттер қазақстандықтарды еңбекқор, ашық мінезді деп таниды екен.
«Көпшілігі Қазақстан туралы аз біледі, бірақ қызығушылық танытады. Бұл жақтың студенттері өзгелерге баға бермей, әр адаммен жеке танысқанда ғана пікір білдіреді. Бұл — бәрімізге үлгі боларлық қасиет», — деп бөлісті Абылайхан.
Бельгияда өмір сүру салыстырмалы түрде қымбат болғанымен, студенттерге арналған жеңілдіктер көп.
«Көлік, жатақхана және азық-түлік бағалары студенттерге ыңғайлы. Арзан супермаркеттер көп, сондықтан күнделікті тұрмысқа алаңдамайсың», — дейді ол.
Абылайханның айтуынша, бұл сапар оның өмірін түбегейлі өзгерткен.
«Бұл тәжірибе мені өзіме сенімді, ашық әрі жауапты етті. Шетелде оқу — үлкен мектеп», — дейді студент.
Шетелде оқуға ниетті жастарға ол қысқаша кеңес береді:
«Қорықпа! Құжат жинаудан баста, тіл үйрен, және өз мақсатыңа сен. Жас кезде көріп, үйреніп қалу — үлкен байлық. Қорқыныш емес, мүмкіндікті жіберіп алу — ең жаман нәрсе».
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Абылайхан Жандосұлының Бельгиядағы тәжірибесі - өзге студенттерге үлгі боларлық тәжірибе.
Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: media_2022@korkyt.kz
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
AI-Sana бағдарламасы
толығырақ...
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...