«Күміс университет» жобасы: оқытушылар жаңа цифрлық дағдыларды меңгерді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 11 желтоқсан 2025
  • 64

«Күміс университет» жобасы: оқытушылар жаңа цифрлық дағдыларды меңгерді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Күміс университет» жобасы аясында 55 жастан жоғары профессор-оқытушылар құрамына арналған «Цифрлық әлемге қадам: смартфон, eGov, онлайн қызметтер және жасанды интеллектті күнделікті өмірде қолдану» тақырыбындағы семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренингте университеттің Біліктілік арттыру және қосымша білім беру орталығының жетекшісі Нұрхан Абтикалыков жалпы «Күміс университет» жобасы туралы тоқталды. Сонымен қатар, университеттің Кәсіподақ ұйымының жетекшісі Айтжан Оразбахов «Күміс университет» жобасының жүргізіліп жатқан жұмыстарына қысқаша шолу жасап, алдағы атқарылу керекті жұмыстарға ұсыныс білдірді.

IMGL1192.jpg

IMGL1186.jpg


Шараның басты мақсаты – аға буын мамандардың цифрлық сауаттылығын арттыру, жаңа технологияларды меңгеруге қолдау көрсету және күнделікті өмірде заманауи цифрлық сервистерді тиімді пайдалануға үйрету болды.
Семинарға қатысушылар смартфонның кеңейтілген мүмкіндіктерін қолдану, eGov және онлайн мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу, цифрлық төлемдер мен қауіпсіздік, жасанды интеллектті тұрмыста, жұмыста және оқытушылық қызметте пайдалану сияқты маңызды тақырыптармен танысты.

IMGL1243.jpg

IMGL1204.jpg

Тренингті Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Kyzylorda HUB орталығының жетекшісі Жанарыс Түбекбаев жүргізіп, қатысушыларға практикалық тапсырмалар ұсынып, олардың сұрақтарына толық жауап берді. Қатысушылар жаңа білім алып, цифрлық дағдыларын одан әрі жетілдіруге үлкен ықылас танытты.

IMGL1258.jpg

IMGL1309.jpg

IMGL1267.jpg

IMGL1315.jpg

Семинар соңында қатысушыларға Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының жетекшісі Нұрхан Абтикалыков сертификат табыс етті.
Осындай тағылымды әрі пайдалы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Медиа центр Кызылординского университета имени Коркыт ата
Контактный телефон: 8(7242) 26-21-34
e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...