Жасанды интеллект институтында үздіктер марапатталып, жаңа серіктестік орнады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 19 желтоқсан 2025
  • 67

Жасанды интеллект институтында үздіктер марапатталып, жаңа серіктестік орнады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтында «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты BIC курстарының марапаттау рәсімі өтті. Шара барысында студенттердің семестр қорытындысы шығарылып, үздік және белсенді жастар түрлі номинациялар мен алғыс хаттармен марапатталды.Сонымен қатар, Жасанды интеллект институты мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

WhatsApp Image 2025-12-19 at 17.10.34.jpeg

WhatsApp Image 2025-12-19 at 17.00.34.jpeg

WhatsApp Image 2025-12-19 at 17.00.36.jpeg

Меморандумға комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Фархат Иманғалиев және Жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев қол қойды. 

WhatsApp Image 2025-12-19 at 17.10.36.jpeg

WhatsApp Image 2025-12-19 at 17.10.32.jpeg

WhatsApp Image 2025-12-19 at 17.10.34 (1).jpeg

Іс-шара аясында ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Заң және тәртіп» қағидасы аясында жасанды интеллект ақпараттық жүйесін дамытуға қосқан үлестері үшін бірқатар университет қызметкерлері мен студенттерді алғыс хаттармен марапаттады. Жиынға жұмыс беруші өкілдер, ата-аналар және студенттер қатысты. Бағдарлама хакатонмен жалғасын тауып, студенттер өздерінің инновациялық жобаларын жұмыс берушілер алдында қорғады.

WhatsApp Image 2025-12-19 at 17.00.34 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-12-19 at 17.00.35.jpeg

WhatsApp Image 2025-12-19 at 17.10.35.jpeg

WhatsApp Image 2025-12-19 at 17.10.33.jpeg

WhatsApp Image 2025-12-19 at 17.10.33 (1).jpeg

Ең үздік жобалар іріктеліп, олармен алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылды.
Бұл шара студенттердің шығармашылық әлеуетін арттырып қана қоймай, білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...