ТАРИХИ ЖЕҢІС – УНИВЕРСИТЕТ МЕРЕЙІ АСҚАҚТАДЫ!
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 14 қаңтар 2026
  • 122

ТАРИХИ ЖЕҢІС – УНИВЕРСИТЕТ МЕРЕЙІ АСҚАҚТАДЫ!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті үшін зор мақтанышқа айналған қуанышты жаңалық! Алматы қаласында алғаш рет ұйымдастырылған қыздар командалары арасындағы футзалдан Қазақстан кубогында университетіміздің қыздар құрама командасы алғаш рет қатысып, чемпион атанды.

WhatsApp Image 2026-01-14 at 16.37.42.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-14 at 16.37.42 (1).jpeg

Осы тарихи жеңіспен университеттің Басқарма Төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы Дана Абдрашева чемпион қыздарды арнайы құттықтап, жүрекжарды ізгі тілегін білдірді. Ол өз сөзінде спортшы қыздардың жетістігі университет абыройын арттырып қана қоймай, жастарға үлгі болатынын атап өтті. Сонымен қатар алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ел намысын абыроймен қорғай берулеріне тілектестік білдірді.

WhatsApp Image 2026-01-14 at 16.37.43 (1).jpeg     WhatsApp Image 2026-01-14 at 16.37.44.jpeg

Команданың бас бапкері Абылайхан Сейілбеков жоғары кәсіби шеберлігі мен нәтижелі еңбегі үшін «Үздік бапкер» номинациясына ие болды. Бұл – бапкер еңбегінің лайықты бағалануы және команда жетістігінің маңызды бөлігі.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті спорттағы осындай ірі жеңістерімен мақтанады. Чемпион қыздарымыз бен бапкерімізге жаңа жеңістер, мықты денсаулық және толағай табыстар тілейміз!

Жеңіс құтты болсын!


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...