Профессор Бағдат Кәрібозұлы студенттерге дәріс оқып, құнды еңбектерін университет кітапханасына тарту етті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 12 ақпан 2026
  • 123

Профессор Бағдат Кәрібозұлы студенттерге дәріс оқып, құнды еңбектерін университет кітапханасына тарту етті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, филология ғылымдарының докторы Бағдат Кәрібозұлы білім алушылармен кездесіп, тағылымы мол дәріс оқыды. 
Дәріс барысында ғалым өз саласындағы терең ғылыми тұжырымдары мен тәжірибелік бағыттарын ортаға салып, студенттерге кәсіби дамуға бағытталған құнды кеңестер берді. Сондай-ақ, жастардың қызығушылығын арттырып, ғылыми ізденіске ынталандыратын мазмұнды ойларымен бөлісті.

WhatsApp Image 2026-02-12 at 09.55.15.jpeg       WhatsApp Image 2026-02-12 at 09.55.14.jpeg

Кездесу еркін форматта өтті. Студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ғылыми тақырыптар төңірегінде пікір алмасты. Бұл тағылымды жүздесу жас мамандар үшін мотивация болды.  
Профессор Бағдат Кәрібозұлы өзінің жеке кітапханасындағы 200-ге жуық құнды еңбектерін университет кітапханасының қорына сыйға тартты. Бұл кітаптар оқу үдерісін жетілдіріп, зерттеу жұмыстарын дамытуға елеулі үлес қосатыны анық.  

WhatsApp Image 2026-02-12 at 09.55.13.jpeg      WhatsApp Image 2026-02-12 at 09.55.14 (2).jpeg

Университет ұжымы профессор Бағдат Кәрібозұлына білім мен ғылымды дамыту жолындағы еңбегі және жастар тәрбиесіне қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тілейді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...