Жаңа Конституция – нағыз халықтық таңдау
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 18 наурыз 2026
  • 71

Жаңа Конституция – нағыз халықтық таңдау

«Жаңа Конституция – нағыз халықтық таңдау» тақырыбында аймақтық сарапшылар платформасының кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынға зиялы қауым өкілдері, саяси ұйымдар мен кәсіпкерлер, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, коалиция мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, Ата заңның қоғам өміріндегі орны мен маңызы жан-жақты талқыланды.
Модератор, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Наурызбай Байқадамов жиынды ашып, жаңа Конституцияның ел дамуы үшін тарихи мәнге ие құжат екенін атап өтті. Наурызбай Сейтқалиұлы сондай-ақ Ата заңның - халықтың ерік-жігерін айқын көрсетіп, мемлекет болашағын бағдарлайтын басты құқықтық негіз екендігіне тоқталды.  

WhatsApp Image 2026-03-18 at 18.09.46.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-18 at 18.08.46.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-18 at 18.08.4711.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-18 at 18.08.48.jpeg

Жиын барысында түрлі сала мамандары өз ой-пікірлерін ортаға салды. Қорқыт ата университеті Жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев өз сөзінде заманауи технологиялардың маңыздылығына тоқталып, Конституцияда жасанды интеллект саласына қатысты бағыттардың көрініс табуын айырықша құптайтынын жеткізді. Бұл өз кезегінде цифрлық даму мен инновацияларға жол ашатын маңызды қадам екенін айтты.      
Сондай-ақ, университеттің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Салтанат Бижігітқызы жаңа Конституцияда білім, ғылым және инновация салаларына басымдық берілгеніне тоқталды. Ол бұл құжаттың жас буын үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын, жастардың ел дамуына белсенді араласуына серпін беретінін атап өтті.

WhatsApp Image 2026-03-18 at 18.08.46 (1)1.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-18 at 18.08.47 (1)1.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-18 at 18.11.21.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-18 at 18.08.48 (1).jpeg

Жиын қорытындысында қатысушылар жаңа Конституцияның қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтудағы рөліне тоқталып, оны халықтың таңдауы ретінде жоғары бағалады. 
Жиынды қорытындылаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция жетекшісі, Ректор Наурызбай Байқадамов мұндай ашық диалог алаңдарының заң үстемдігін қамтамасыз етіп, елдің тұрақты әрі әділетті дамуына берік құқықтық негіз қалыптастыратынын айтты. Қоғам өкілдерінің пікірін ескеру – мемлекет болашағына қатысты ортақ көзқарас қалыптастыруға ықпал ететінін жеткізді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...