ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 28 сәуір 2026
  • 49

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушылары Ж.Баласағын атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің Заң институтында өткен «Қырғыз Республикасының қылмыстық-процестік саясаты: оңтайландырудың тұжырымдамалық негіздері және заманауи сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Аталған конференция құқық саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, ғылыми тәжірибе алмасуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.

WhatsApp Image 2026-04-28 at 09.26.06.jpeg     WhatsApp Image 2026-04-28 at 09.26.06 (1).jpeg

Конференцияның пленарлық отырысында университет оқытушылары ғылыми баяндамалар ұсынып, өз зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Заң ғылымдарының кандидаты, Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы Ғанибек Отарбаев «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің электрондық форматын жетілдіру мәселелері» тақырыбында, ал оқу-зерттеу криминалистикалық зертханасының меңгерушісі Марат Садықов «Университеттің оқу үдерісіндегі оқу-зерттеу криминалистикалық зертханасының мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады.

WhatsApp Image 2026-04-28 at 09.26.07 (1).jpeg     WhatsApp Image 2026-04-28 at 09.26.07.jpeg

Халықаралық деңгейде өткен мұндай ғылыми-тәжірибелік конференциялар оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға, озық тәжірибелерді меңгеруге және ғылыми байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл шаралар заң ғылымының дамуына серпін беріп, білім мен ғылымның интеграциясын нығайтуға ықпал етеді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...