ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 30 сәуір 2026
  • 21

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Мадияр Дүзімбайұлы Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен өткен Қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиадада жеңімпаз атанды.

Университетіміздің «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Мадияр Дүзімбайұлы зияткерлік додада жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүзден жүйрік шықты. Оның бұл жетістігі – білім ордасындағы сапалы білім мен жүйелі дайындықтың нәтижесі.

WhatsApp Image 2026-04-30 at 17.31.50 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-04-30 at 17.31.50.jpeg

Жеңімпаз студент алдағы уақытта Ресей Федерациясында өтетін Қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиадада Қазақстан Республикасының намысын қорғайды.

Айта кету керек, Қызылорда облысынан Ұлттық олимпиадаға барлығы 240 студент қатысуға өтініш білдіріп, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 37-сі келесі кезеңге жолдама алған.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...