ШЫМКЕНТТЕ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРІЛДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 маусым 2026
  • 101

ШЫМКЕНТТЕ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРІЛДІ

Шымкент қаласында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен «Талапкер-2026: мүмкіндіктер мен қауіптер» атты кәсіби нетворкинг-кездесу өтті.  Басқосуда университеттің Рекрутинг және мансап бөлімінің басшысы Асхат Мырзабай талапкерлерге кәсіби бағдар беру және жоғары оқу орнына түсу мәселелері бойынша ақпарат берді.


WhatsApp Image 2026-06-10 at 13.13.16.jpeg

«Талапкерлерге дұрыс кәсіби бағдар беру – сапалы білімге бастар маңызды қадам. Сондықтан қабылдау науқанының ерекшеліктері, грант мүмкіндіктері және мамандық таңдаудағы өзекті мәселелер бойынша профориентологтармен тәжірибе алмасып, ортақ міндеттерді талқыладық», – деді Асхат Мырзабай.
Айта кетейік, кездесуге профориентологтар, грант аналитиктері және білім беру саласының мамандары қатысып, талапкерлермен жұмыс істеудің өзекті мәселелерін талқылады. Іс-шара талапкерлерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жетілдіруге және білім беру қауымдастығымен өзара байланысты дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации