«ТІЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 09 қазан 2026
  • 42

«ТІЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде социолингвист ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Аман Абасиловтың «Тілдің әлеуметтік мәні мен қызметі (тұжырымдар, ұсыныстар)» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.

WhatsApp Image 2026-10-09 at 14.56.41 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-09 at 14.56.411.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-09 at 14.56.42.jpeg

Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, ғалымның әріптестері мен жақындары қатысты. Басқосуды Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімінің басшысы Нұрлыбек Мыңжас жүргізді.
Шара барысында Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Бижомарт Қапалбек пен «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Күлдірсін Сарышова кітаптың мазмұны мен ғылыми маңызына тоқталды.

WhatsApp Image 2026-10-09 at 14.56.41 (4).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-09 at 14.56.41 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-09 at 14.56.41 (2).jpeg

Жаңа туындының тұсауын филология ғылымдарының кандидаттары Шанжархан Бекмағамбетов пен Бекен Сағындықұлы кесті.
Жинақта автордың өмір жолы, әлеуметтік лингвистика саласындағы ғылыми тұжырымдары мен ұсыныстары, сондай-ақ өмірлік тәжірибесінен түйген ой-пікірлері қамтылған. Ғалымның еңбектері мен жетістіктері биобиблиографиялық көрсеткіште жүйеленіп, өмірінің әр кезеңінен сыр шертетін фотосуреттер де берілген. 

WhatsApp Image 2026-10-09 at 14.56.43.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-09 at 14.56.43 (1).jpeg

Кітап тілші ғалымдарға, әлеуметтік лингвистика мәселелерін зерттеушілерге, докторанттар мен магистранттарға және қалың оқырман қауымға арналған.
Іс-шарада студенттер ғалымға арнау өлеңдерін оқып, әннен шашу шашты.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации