«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ»: «БОЛАШАҚ» ТҮЛЕКТЕРІ СТУДЕНТТЕРМЕН «ТАБАНДЫЛЫҚ» КІТАБЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 28 қазан 2026
  • 48

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ»: «БОЛАШАҚ» ТҮЛЕКТЕРІ СТУДЕНТТЕРМЕН «ТАБАНДЫЛЫҚ» КІТАБЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Болашақ» қауымдастығының өкілдері студенттермен кездесіп, америкалық психолог Анджела Дакуорттың «Табандылық. Құштарлық пен төзімділік қуаты» кітабын талқылады.

Кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» жобасын қолдау, жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру және еркін пікір алмасу ортасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2026-10-28 at 11.34.29.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-28 at 11.34.30 (1).jpeg     WhatsApp Image 2026-10-28 at 11.34.28.jpeg

Іс-шара барысында студенттер мен «Болашақ» бағдарламасының түлектері мақсатқа жетудегі табандылықтың, үздіксіз ізденіс пен жүйелі еңбектің маңызы туралы ой бөлісті.

Анджела Дакуорттың «Grit: The Power of Passion and Perseverance» атты әлемдік бестселлері бұған дейін «Болашақ» қауымдастығының бастамасымен және «Мазмұндама» қоғамдық қорымен бірлесіп қазақ тіліне аударылған. Автор еңбегінде жетістікке жету үшін талант пен қабілеттен бөлек, тұрақты еңбек, төзімділік және алға қойған мақсатқа адалдық қажет екенін ғылыми зерттеулер негізінде түсіндіреді.

WhatsApp Image 2026-10-28 at 11.34.32.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-28 at 11.34.28 (1).jpeg

«Болашақ» қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Жәнібек Қатренов жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын қолдаудың маңыздылығына тоқталды.

– Мемлекет басшысының бастамасын дұрыс түсініп, оны нақты істермен қолдауымыз қажет. Ең бастысы – жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, еркін ой бөлісетін орта қалыптастыру. Студенттердің Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сұхбатынан кейін осы кітапқа қызығушылық танытқанын біліп, арнайы кездесуге келдік. Жастардың өздері бастама көтеріп, кітапты бірге талқылауға ұмтылғаны қуантады. Табандылық – қай салада жүрсек те, барлығымызға қажет қасиет, – деді Жәнібек Қатренов.

Кездесуде «Болашақ» түлектері шетелде білім алу, жаңа ортаға бейімделу және кәсіби тұрғыдан қалыптасу жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. Кітапты оқып шыққан студенттер де туындыдан алған әсерлерін айтып, ондағы негізгі идеялардың қазіргі жастар үшін өзектілігін талқылады.

WhatsApp Image 2026-10-28 at 11.34.31.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-28 at 11.34.30.jpeg

Іс-шара соңында «Болашақ» түлектері қолтаңбаларын қалдырған «Табандылық» кітабын университет кітапханасының қорына сыйға тартты.

Айта кетейік, «Кітап оқитын ұлт» жобасы елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуға, жастардың зияткерлік әлеуетін арттыруға және білімге құштар қоғам қалыптастыруға бағытталған.

«Болашақ» қауымдастығы аталған бастаманы қолдау аясында түлектердің білімі мен кәсіби тәжірибесін жастармен бөлісуге, сондай-ақ кітап оқу мәдениетін дәріптеуге бағытталған кездесулерді алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации