РЕКТОР ОҚЫТУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕРДІ САРАЛАДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 29 қазан 2026
  • 16

РЕКТОР ОҚЫТУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕРДІ САРАЛАДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – ректор Наурызбай Байқадамов Инженерлік-технологиялық институтының оқытушыларымен кездесті. Кездесу барысында білім беру сапасын арттыру, инклюзивті білім беруді дамыту, студенттердің академиялық мүмкіндіктерін кеңейту және университеттің стратегиялық даму бағыттары талқыланды.
Жиында Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева инклюзивті білім беру бағдарламасының ерекшеліктері мен оған қойылатын талаптар туралы баяндады. Ол білім алушыларға тең мүмкіндік қалыптастыру, білім беру үдерісінде қолайлы жағдай жасау және инклюзивті ортаны дамыту қажеттігін атап өтті.

WhatsApp Image 2026-10-29 at 15.54.29 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-29 at 15.54.28.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-29 at 15.54.29 (2).jpeg

Сонымен қатар дипломдық жұмыстарды орындау мәселелері, GPA көрсеткіші жоғары студенттердің «Sandwich» бағдарламасы аясында бір жылға тәжірибе жинақтауға жіберілу мүмкіндіктері сөз болды. 
Стратегиялық даму және IT жөніндегі проректор Баянәлі Досжанов университеттің стратегиялық даму бағдарламасы мен даму жоспары аясында атқарылған жұмыстарды таныстырды. Сондай-ақ eGov Mobile мобильді қосымшасы мен «AI-Sana» бағдарламасының мақсаты және жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

WhatsApp Image 2026-10-29 at 15.54.30.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-29 at 15.54.29.jpeg

Кездесуде университет ректоры Наурызбай Байқадамов дуальді оқытуды дамыту, білім алушыларға сапалы білім беру және оқу үдерісін жетілдіру мәселелеріне басымдық берді. Алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталып, білім беру сапасын арттыруда оқытушылардың рөлі маңызды екенін атап өтті.
Жиын соңында оқытушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации