ЗАҢҒА ҚҰРМЕТ – БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 30 қазан 2026
  • 25

ЗАҢҒА ҚҰРМЕТ – БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Педагогика және дәстүрлі өнер институтында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Заңға құрмет – болашаққа қадам» тақырыбында эссе байқауы өтті.

Шара «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері арасында ұйымдастырылып, оған 70 білім алушы қатысты.

WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.44.46.jpeg     WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.44.46 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.44.43.jpeg

Байқаудың негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын ұғындыру. Эссе жазу барысында студенттер заң үстемдігі, азаматтық жауапкершілік, құқықтық мәдениет және әділетті қоғам қалыптастыру мәселелері бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Мұндай танымдық-шығармашылық шаралар білім алушылардың азаматтық ұстанымын нығайтып, заңға құрметпен қарау және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации