ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕРДІҢ III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУДА
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 19 қараша 2026
  • 73

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕРДІҢ III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУДА

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Наурызбай Байқадамов бастаған университет делегациясы 18-19 қараша күндері Астана қаласында өтіп жатқан Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумына қатысуда.
Халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстанның өңірлік ғылыми-білім беру орталығы ретіндегі орнын нығайтуға бағытталған іс-шараға қазақстандық және шетелдік университеттердің, ғылыми және халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, аккредиттеу агенттіктерінің, дипломатиялық корпустың және өндірістік серіктестердің 400-ден астам өкілі жиналды.

WhatsApp Image 2026-11-19 at 15.16.19.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-19 at 15.16.19 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-19 at 15.16.27.jpeg

Форумның пленарлық отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, цифрландыру мен жасанды интеллект дәуірінде ғылым мен білімнің әлемдік өркениетті дамытудағы орны айрықша екенін атап өтті. Мемлекет басшысы адам капиталын, білімді, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты екенін айтты.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен 2024 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан форум жоғары білім мен ғылым саласындағы өзекті мәселелер талқыланатын беделді халықаралық алаңға айналды. Іс-шара қазақстандық және жетекші шетелдік жоғары оқу орындары арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейтуге, академиялық байланысты нығайтуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2026-11-19 at 15.16.40.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-19 at 15.17.32.jpeg

Форум аясында трансұлттық білім беруді дамыту, шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының қызметі, бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу жобалары, академиялық ұтқырлық, сондай-ақ білім беру үдерісіне цифрлық технологияларды енгізу мәселелері қарастырылуда.
Форум жұмысы халықаралық академиялық диалогты нығайтып, білім сапасын арттыруға, ғылыми әлеуетті дамытуға, инновацияларды енгізуге және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған жаңа бірлескен бастамаларға жол ашады.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации