СТУДЕНТТЕР ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 19 қараша 2026
  • 24

СТУДЕНТТЕР ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде студенттерге құқық қорғау саласының қызметін таныстыруға және кәсіби бағдар беруге бағытталған кездесу өтті.

Танымдық кездесуге Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Оңдасын Мұхаметкәрімұлы, Қызылорда станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бағдат Рысбекұлы қатысты.

WhatsApp Image 2026-11-19 at 18.23.46 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-19 at 18.23.47 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-19 at 18.23.47 (2).jpeg

Жиында сала өкілдері заң мен тәртіп қағидатының қоғамдағы маңызына тоқталып, ішкі істер органдарындағы қызметтің ерекшеліктері мен жауапкершілігі туралы әңгімеледі. Сонымен қатар құқық қорғау саласында қызмет етудің мүмкіндіктері, кәсіби өсу жолдары мен мамандықтың қыр-сырын түсіндірді. Студенттерді оқуын аяқтаған соң полиция қызметіне келіп, ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосуға шақырды.

Криминалистика мамандары қылмыс орнынан саусақ іздерін анықтау, иіс арқылы із кесу тәсілдерін көрсетті. Студенттер криминалистердің жұмыс барысымен танысып, арнайы құралдардың қолданылу ерекшеліктерін көзбен көрді.

WhatsApp Image 2026-11-19 at 18.23.46 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-19 at 18.23.47 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-19 at 18.23.45.jpeg

Ал кинолог мамандар арнайы үйретілген қызметтік иттің көмегімен есірткі заттарын иіс арқылы анықтау жұмысын көрсетті. Көрсетілім барысында иттің іздеу қабілеті мен кинологтың кәсіби шеберлігі таныстырылып, студенттер үшін ерекше әсер қалдырған тәжірибелік сабақ болды.

Еркін форматта өткен кездесуде студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды жауап алды.


Медиа-центр Кызылординского университета имени Коркыт ата

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации