- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Қызылордада «Болашақ» бағдарламасының түлектері табысты еңбек етуде
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алған 20 профессор-оқытушы мен сала мамандары қызмет етуде.
Солардың бірі – биылғы оқу жылынан бастап университеттегі ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалған АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университетінің түлегі, философия докторы (PhD) Айнұр Монтаева.
Айнұр Сәрсенбекқызы – қала құрылысы, құрылыстағы экономика және менеджмент, халық денсаулығына қауіпсіз орта қалыптастыру бағытын зерттеуде тәжірибесі бар жас ғалым.
- Джордж Вашингтон университетінде «Болашақ» бағдарламасымен магистратура оқып, шетелдегі ұйымдарда тәжірибеден өтуге мүмкіндік алдым. Бұл университет магистранттардың компанияларда тәжірибе жинақтауына басты назар аударатын. Оқу бітірген соң Дүниежүзілік банк қызмет ұсынғанымен, елде қызмет етуге шешім қабылдадым.
Қазақстанға келгесін 2016-2020 жылдар аралығында еліміздегі ауқымды құрылыс компаниясында «Сапаны бақылау» бөлімінің жетекші маманы болып еңбек еттім. Құрылыстың сапасын зерттеуге арналған сертификатты иеленгендіктен, жаңа стандарттарға сай үйлердің сапасын қадағалау қызметін атқардым.
Адамдар жақсы өмір сүру үшін ғимараттар денсаулыққа зиянсыз болуы қажет. Сондықтан, энергияны аз қолданатын үйлер, жаяу жүргіншілерге қолайлы қала салу стандарты бойынша зерттеу жүргіздім. Алдағы уақытта университетте жаңа ғылыми жобалардың жүзеге асуы бойынша еңбек ететін боламын, – деді Айнұр Сәрсенбекқызы.
Шетелде білім алған Гүлназия Әлмаханова да университетте «Халықаралық байланыстар» бөлімінің басшысы қызметін атқарады. Ол «Болашақ» бағдарламасы арқылы 2019-2020 жылдары Ұлыбританияның Уорик университетінде Халықаралық қауіпсіздік магистрі дәрежесін иеленген.
Ал, 2016-2019 жылдар аралығында Ұлыбританияның Борнмут университетінде «Халықаралық қонақ үй бизнесі және туризм менеджменті магистрі» дәрежесін алған Бекзат Ырза «Экономика және басқару» кафедрасының оқытушысы болып еңбек етуде. Педагог 2022 жылдың шілде – қыркүйек айларында Ұлыбританияның Суррей университетінде «Қонақ үй және туризм менеджменті» факультетінде ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.
2009 жылы Жапониядағы Токио, Киото, Тойо университеттерінің ғылыми орталықтарында Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер орталығының жетекшісі, «Биология, география және химия» кафедрасының аға оқытушысы Гүлмира Абызбекова, «Инжинирингтік технологиялар» кафедрасының доценті, химия ғылымдарының кандидаты Клара Дәрмағамбет, Биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, Инженерлі-технологиялық институтының директоры Бахытбек Абжалелов, «Инжинирингтік технологиялар және экология» кафедрасының аға оқытушысы Темірбек Жұмағұлов ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ал, 2013 жылы «Болашақ» бағдарламасы арқылы университеттің бірқатар профессор-оқытушы Швейцарияның Монтре іскерлік мектебінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Олардың қатарында «Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасының аға оқытушысы, корпоративтік хатшы Гүлшат Дүзелбаева, Физика-математика ғылымдарының кандидаты, университеттің қауымдастырылған профессоры, Білім беру бағдарламаларын басқару бөлімінің басшысы Айсұлу Мұхамбетжан, «Биология, география и химия» кафедрасының профессоры Салтанат Ибадуллаева, Педагогика және оқыту әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Жанар Абилхаирова, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Экономики және басқару» кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Рысмаханова, Менеджменттің Аймақтық Академиясының қауымдастырылған профессоры, экономика магистрі, «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Жанна Смағұлова, экономика магистрі, «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Ұлжан Берікболова бар.
Сондай-ақ, 2013 жылы Лондон қаласында «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Ләззат Қаржаубаева ғылыми тағылымдамадан өтті.
2022 жылы «Болашақ» бағдарламасы арқылы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті – К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясында ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а, Жаратылыстану институтының директоры Самалбек Қосанов, Белоруссия мемлекеттік агротехникалық университетінде «Агралық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD) Жанар Жұмаділова білімін жетілдірді.
Айта кету керек, шетелде тәжірибе жинақтап, біліктілігін шыңдаған профессор-оқытушылар университеттерге аса қажет. Бүгінде оқу орнының бірнеше ғалымы АҚШ, Германия, Ресей қалаларында ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...