Қорқыт ата университетінің студенті Қазақстан чемпионатында күміс жүлде иеленді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 22 қазан 2025
  • 164

Қорқыт ата университетінің студенті Қазақстан чемпионатында күміс жүлде иеленді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Аслан Елдібайұлы Семей қаласында өткен бокстан Қазақстан чемпионатында II орын иеленді.

Ел біріншілігіне еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылар қатысып, өзара бақ сынады. Аслан жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, финалға дейін жетті.

WhatsApp Image 2025-10-21 at 23.46.19.jpeg    WhatsApp Image 2025-10-21 at 23.46.18.jpeg

Бұл жетістік – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің спорт саласындағы жетістіктерінің тағы бір дәлелі. Оқу орнында студенттердің жан-жақты дамуына, соның ішінде спорттық әлеуетін арттыруға айрықша көңіл бөлініп келеді.

Университет ұжымы Асланды жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік пен биік белестерді бағындыруды тілейді.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...