- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне – 85 жыл
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 85 жылдығына орай «Ұлттық руханияттың ұлы ордасы» атты салтанатты жиын өтті. Жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қызылорда облысының әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, ЖОО-ның басшылары, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Салтанатты шарада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 85 жылдығымен құттықтап, оқу орны еліміздегі білім саласының дамуына елеулі үлес қосқанын жеткізді.
- Оқу орны білім, ғылым ордасы ғана емес, Сыр өңіріндегі рухани-мәдени орталыққа айналды, мамандар даярлауда өзіндік қолтаңбасы айқындала түсті. Бұл, әрине, оның нығаюына және одан әрі дамуына ықпал етті.
Бүгінде университетте 9 мыңдай білім алушы, мыңнан астам қызметкер, оның ішінде 500-ге жуық профессор-оқытушы бар. Биыл 769 ЖОО кірген «QS Asia University Rankings – 2023» рейтингісінің нәтижесі бойынша Азияның ТОП 551-600 ЖОО-ның қатарына университеттің енуін – үлкен жетістік деп санаймыз.
Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетінің IT саласында жоғары мектебі құрылғалы отыр. Бұл жоба еліміздің экономикалық және цифрлық дамуына үлкен септігін тигізбек. Сонымен қатар, университет академиялық артықшылықтар орталықтары ашылатын 20 өңірлік ЖОО-ң қатарына кірді, – деді министр Саясат Нұрбек.
Ал облыс әкімінің орынбасары Сақтаған Нұрымбетов батыл бастамалар, тың ізденістер мен кәсіби жетістіктердің арқасында университет отандық жетекші жоғары оқу орындарының арасында лайықты орын алып отырғанына тоқталды.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы – ректоры Бейбіткүл Кәрімова бірегей білім ордасы осы кезге дейін мыңдаған шәкірттің жарқын болашағына жолдама бергенін атап өтті.
- Бүгінде университетіміз ғылыми зерттеулермен белсенді айналысатын, алдыңғы қатарлы білім беру технологияларын меңгеретін, жаңа идеяларды қалыптастыратын бастамашыл, креативті азаматтар үшін тартымды жұмыс орнына айналуда. Профессор-оқытушылар құрамында 20 халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі бар. Ел Президентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша 7 ғалымымыз АҚШ, Германия, РФ, Белоруссия елдерінің жетекші ғылыми орталықтарында 12 айға дейінгі тағылымдамадан өтуде.
Кадрларды даярлау 5 институт базасында 115 білім беру бағдарламасы (66 бакалавриат, 36 магистратура, 13 докторантура) бойынша жүзеге асырылады. Білім алушылар контингентін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс нәтижесінде: жалпы контингент 9014 адамға жетті.
Әрбір жоғары оқу орны қызметінің басты көрсеткіші – даярлаған кадрлары десек, құрылғалы бері қоғам мүддесі үшін 80 мыңға жуық кәсіби маман даярланыпты. Өңір экономикасы салаларындағы мамандардың 80 пайызға жуығы университетіміздің түлектері. Олар қай жұмыста болмасын өз ісінің шебері атанып, өз университетінің дәрежесін көтеріп жүр, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
«Қасиет құндақтаған қара шаңырақ» атты білім ордасының 85 жылдық тарихын баяндайтын бейнероликтен басталған салтанатты жиын «Таным тұмары» атты хореографиялық театрландырылған қойылымға ұласты. Шарада ұлағатты ұстаздар мен ғалымдарға құрмет көрсетіліп, оқу орнының тәуелсіздік жылдарындағы жетістігі баяндалды.
Жиында бірқатар профессор-оқытушылар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Құрмет Грамотасы» және Алғыс хаттарымен, Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, ҚР ЖОО қауымдастығының «Ахмет Байтұрсынов атындағы Орденімен», Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін белгісі», «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Ал, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, саяси ғылымдар докторы, профессор Мұрат Бақтиярұлына, Екі мәрте Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, биология ғылымдарының докторы, профессор Аманкелді Садановқа, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлына «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Құрметті профессоры» атағы табысталды.
Айта кету керек, білім ордасының мерейтойы аясында осы кезге дейін І Түлектер форумы, «Ардагерлерді ардақтайық», «Мамандығым – болашағым» атты І облыстық форумдар, «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» атты III халықаралық «Тайманов оқулары» өтті.
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Күлбарам Сәдуақасқызы атындағы химиялық білім беру ғылыми-әдістемелік орталығы, екі мәрте Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, биология ғылымдарының докторы, профессор Аманкелді Саданов атындағы микробиологиялық ғылыми зерттеу орталығы ашылды.
Сондай-ақ, «Жоғары білімге қол жетімділікті кеңейту: болашағы мен мүмкіндіктері», «Өңірлік университеттер – 2032: адами капитал және ғылым» атты форсайт-сессиялары өтті.
Мерейтойға орай «Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті: дамудың жаңа кезеңінде» және «Қалдырған ізің мәңгілік...» кітаптары жарық көрді. «Университет ақпарат айдынында», «Біздің түлектер» атты электронды кітаптар университеттің ресми сайтында жарияланды.
Анықтама. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бастауында 1937 жылы Қиыр Шығыстан жер аударылған корей халқымен бірге келген корей педагогикалық институты тұрды.
Алғашқыда оқу орнында тарих, филология, физика-математика және жаратылыстану факультеттері ғана болды. Институтта 372 студент білім алып, 27 оқытушы еңбек етті. Оқу орны бұрынғы Кеңес партия мектебінің ғимаратына орналасты. Институт жанында 1937-1941 жылдары екі жылдық мұғалімдер институты және жұмысшы факультеті болды.
Отызыншы, қырқыншы жылдардағы қилы кезеңдерде ұстаздар қауымы саяси қуғын-сүргінді және сұрапыл соғысты басынан өткерсе де, кейінгі ұрпақты білім нәрімен сусындатып, өлшеусіз еңбек етті.
1952 жылы педагогикалық институтқа Николай Васильевич Гоголь есімі берілді. Қазіргі университеттің негізінде жатқан тағы бір оқу орны 1976 жылы ашылған – Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалы. 1990 жылы филиал Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты болып дербес шаңырақ көтерді.
1992 жылдың институтқа екі дүркін Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың есімі берілді.
1992 жылы Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтына Ұлы дала философы Қорқыт Ата есімі беріліп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты болып қайта аталды. 1996 жылы бұл институт Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті болып қайта құрылды.
1998 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтының бірігуі негізінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті құрылды. Бұл – білім ордасы үшін жаңа тарихи белес еді.
2020 жылдан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде қайта құрылды.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін таңдаушылардың қатары жыл сайын артып келеді. 2019-2020 оқу жылымен салыстырғанда биыл білім алушылар саны 70%-ға артып, 9014 адамды құрады.
Университет ауқымды 4 бағытта жұмыс істейді. Олар – білім беру, ғылым және инновацияны нығайту, әлеуметтік-мәдени бағытты дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.
Жоғарғы оқу орны еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша білім беруді басты назарда ұстайды. Университетте 115 білім беру бағдарламасы бар. Оның ішінде – бакалавриат бойынша 66, магистратура бойынша 36, докторантура бойынша 13 бағдарлама арқылы мамандар даярланады. Сондай-ақ, 5 жаңа білім беру бағдарламасы әзірленді.
«QS Asia University Rankings – 2023» рейтингінің нәтижесі бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Азияның үздік жоғары оқу орындарының қатарына енді.
«Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің» 2022 жылғы ҚР Жоғары оқу орындарының ұлттық сұраныс рейтингісі бойынша Университет 8-ші орынды иемденді.
Егемендік алған жылдар ішінде университет білікті маман даярлап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына үлкен үлес қосты.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...