2023 жылы жоғары білім мен ғылым қалай дамиды: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 10 қаңтар 2023
  • 1382

2023 жылы жоғары білім мен ғылым қалай дамиды: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің қатысуымен өткен Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ғылым және жоғары білім саласында 2022 жылы атқарылған жұмыс қорытындылары мен алдағы жылға қойылған міндеттер талқыланды. 

Untitled.jpg

Ведомство басшысы Саясат Нұрбек өткен жылғы жұмыстың негізгі нәтижелері туралы баяндады.

- «2022 жылы жоғары оқу орындарына түсуге арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі 10%-ға ұлғайтылды, гранттардың 60%-ы техникалық салаларға бөлінді. Студенттердің шәкіртақысы 20%-ға арттырылды, 10 мың мақсатты грант бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үш жетекші шетелдік зерттеу университетінің филиалдары ашылды», — деді С. Нұрбек.

Ғылым және жоғары білім министрлігі ҰБТ нәтижесіне қарай гранттар құнын саралау жұмыстарын бастады (30%-дан 100%-ға дейін). Сондай-ақ ЖОО-да жылдық 2-3%-бен оқу ақысын төлеуге ұзақ мерзімді жеңілдетілген несие беру мәселелері де пысықталуда. Студенттерді баспанамен қамтамасыз ету үшін ЖОО басшылары әкімдіктермен бірлесе отырып, жатақхана салуға инвесторлар тартатын болады.

2022 жылы ғылымды қаржыландыру 70%-ға ұлғайды, ғалымдар мен зерттеушілер саны 1,5 есе өсті. Жетекші ғалымдардың жалақысы негізгі қаржыландыруға қосылды. 11 ғылыми-зерттеу институтын тікелей толық қаржыландыру енгізілді.

2023 жылы қолданбалы ғылымды қаржыландыруды кезең-кезеңмен ұлғайту көзделген. Оның ішінде ғылыми зерттеулерді бизнеспен бірлесіп қаржыландыру да қарастырылған.

Жетекші жоғары оқу орындары мен ірі кәсіпорындардың жанындағы мамандандырылған инжинирингтік орталықтар мен ғылыми-технологиялық парктер дами түспек.

Осы жылы ғылыми зерттеулердің экономикалық тиімділігін арттыру, жаңа технологияларды әзірлеу және беру жөніндегі нормаларды көздейтін «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң әзірленетін болады.

Untitled (1).jpg

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып, ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мақсатында жетекші ғалымдардың қатысуымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылады.

Өз кезегінде А.Көлгінов Мемлекет басшысының ғылым мен жоғары білімді дамыту тұрғысындағы тапсырмаларын сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтті.

- «Бүгінде университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары үшін рейтингте тек академиялық көрсеткіштер мен мақала жариялау белсенділігінің жоғары болуы жеткіліксіз. Бізге ең алдымен нақты зерттеу нәтижелері мен оларды өндіріске енгізу қажет. Отандық өнеркәсіппен және бизнеспен өзара әрекеттесу үшін тиімді алаңдар қалыптастыру керек. Университеттер мен Ғылыми-зерттеу институттардың ғылыми-техникалық парктер құруға дайындығын ескере отырып, мемлекеттік қолдау тетіктерін егжей-тегжейлі қарастыру маңызды. Кәсіпорындарды ғылыми әзірлемелер мен зерттеулерге тарту мемлекеттік қаржыландырудың міндетті критерийіне айналуы тиіс», — деді ол.

Вице-премьер барлық университеттерде ашық, адал, шығармашылық академиялық атмосфера болуы керектігін баса айтты. Университеттердің инфрақұрылымы мен жұмсалатын қаржы көзі оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына және студенттерге жағдай жасауға бағытталуы тиіс.

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...