- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Уразбаев Нұрлан Жеткергенұлы: Биылғы жыл маған үлкен сабақ болды
Көпшілік арасында «сөздің емес, істің адамы» ретінде таныс университеттің Басқарма мүшесі - стратегиялық даму және қаржы жөніндегі проректоры Нұрлан Жеткергенұлы ең жауапты саланың тізгінін ұстап отырған жан. Қолға алған шаруаны асқан жауапкершілікпен атқарып, жоғары деңгейде нәтижеге жеткізетін Уразбаев Нұрлан Жеткергенұлымен жаңа жыл қарсаңында арнайы «Сыр түлегі» газетінің оқырмандары үшін жасаған сұхбат нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз:
-Биылғы жылы қандай жаңа таныстықтарды атап айта аласыз?
-Көптеген жас әріптестерім жұмысқа келіп, университеттің қызметкерлер құрамында жаңа буын жастар көбейгеніне өте қуанамын. Солармен танысып білісіп, «ақыл - жастан» демекші, олардың креативті ойларымен бөлісіп жатқанына көңілім толады. Қызмет ағымы да жаңа арнаға түсіп жатқанына ризашылығым зор.
-Келесі жылға қандай істерді кейінге қалдырдыңыз?
-Кейбір оқу ғимараттарында жүргізілетін жөндеу жұмыстары келесі жылға қалып отыр. Дәлелді себептер бар. Одан басқа материалдық-техникалық базаны жаңартуға байланысты да кей шаруалар алдағы жылдың еншісіне шегерілді.
-Балаларыңызға биылғы жылдың қандай оқиғасы туралы атап айтар едіңіз?
-Балалар әрдайым ағылшын тілін меңгеру, компьютерді игеруге тиянақты мән беруі қажет. Осы тұста тағы бір ойландыратын мәселе, жас буынның көп уақытын смартфондарға жұмсайтыны. Байқаймын, қазірде жастар жаратылыстану ғылымдары математика-физикаға белсенді емес. «Математика-ғылымдардың патшасы» деп бекер айтылмайды. Жалпы, облыстық көрсеткіш бойынша математика - физикаға балаларымыз аса көңіл бөлмейді. Содан да логикалық ойлау қабілеттері төмен болып жатады. Өскелең ұрпақты осы тұрғыда дамытуды ойластырған жөн.
-Жеке қасиеттеріңіздің қайсысы ең пайдалы және сұранысқа ие болды?
-Адам баласы атқаратын қызметіне қарай икемделеді ғой. Біздің қызметте шыдамдылық, сабырлық «жеті рет өлшеп, бір рет кесетін»- қасиет ауадай қажет. Соның өзінде де, кейде, қателіктер орын алып жатады.
-Осы жылдан сіз қандай сабақ алдыңыз?
-Биылғы жыл маған үлкен сабақ болды. Әсіресе, үлкен кісілердің жанашыр кеңесіне құлақ асу керектігін түсіндім. Көп ретте қателесіп жататынымыз үлкендердің әңгімесін зер салып тыңдамаудан болатынына көз жеткіздім.
-Биылғы жылдың еңбектегі басты жетістігі қандай болды?
– Университетіміздің дәрежесі әлемдік рейтинг критерийлеріне лайықты деп бағалануы, сонымен қатар, 85 жылдық мерейтойды ойдағыдай өткізу биылғы жылдың ең жағымды сәттері. Және біздің оқу орнын таңдаған студенттер санының жыл сайын көбеюі-зор жетістік. Университет бюджетінің ұлғайғаны да өз алдына қуаныш. Студенттеріміздің республикалық, шетелдік додаларда жеңіске жетіп жатқандығы, бірқатар әріптестеріміз профессор, салалық академияның академиктері болып деңгейі өскеніне, танымалдылығы артқанына мерейіміз өсіп отырады. «Болашақ» бағдарламасымен біраз әріптестеріміз шетелдік ЖОО-да тәжірибе алмасуы, оқу орнында «Түлектер форумы» өтіп, «Эндаумет» қоры, «Түлектер ассоциясасы» құрылғаны қуанышты жайттар. Себебі, шетелдік тәжірибеде университетті жалғыз басшылар емес, қоғам басқаруы керек, барынша қоғамға тиімділігін арттыру қағидалары басшылыққа алынады. Дамыған елдердің ЖОО-қатарына ену мақсатында біз де мұны ескеруіміз керек. Ал, мына босағамыздан енгелі тұрған жаңа жылда университеттің жалпы құрамына мол табыстарға толы жақсы жаңалықтар мен армандарына жетер жолдары ашық болсын деген жылы лебіздерімді жеткізгім келеді.
–Рақымет!
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...