- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
«Мәлік Жаппасбаевтың музыка мұрасы» зерттеу еңбегі жарыққа шықты
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан композиторлары Одағының мүшесі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, философия докторы (PhD), дирижер Мүсілім Әмзенің зерттеу еңбегінің тұсаукесері өтті.
Кітап - қазақ оркестрі мен дирижерлік өнерінің дамуына үлес қосқан майдангер-композитор, күйші, дирижер Мәлік Жаппасбаевтың шығармашылығына арналған. Дарын иесінің өмірбаяны туралы тың деректер қамтылған «Мәлік Жаппасбаевтың музыка мұрасы» кітабының салтанатты тұсаукесеріне Басқарма төрағасы-Ректор Бейбіткүл Сәрсемханқызы қатысып, Мүсілім Балтабайұлының еңбегі мен шығармашылығын жоғары бағалады.
«Оқу құралының жүйеленген мәтіні, әдістемелік аппараты, дизайны біркелкі қолданыстағы ережелерге сай дайындалған. Бұдан қалыптасқан зерттеушінің педагог-әдіскер ретіндегі қолтаңбасы көзге бірден түседі. Түрлі көрнекіліктер, фотосуреттер, кестелер, ұсынылатын әдебиет пен дереккөздер, сөздіктер әріматериалдың сұңғыла сөзбен әдіптеліп, біркелкі берілуі – оқу құралын жеңіл қабылдаудың кепілі. Бұл оқу құралы 2016 жылы Мүсілім Әмзеқолға алған Қазақ дирижерлық өнерінің тарихы бойынша диссертациялық зерттеуінің бір нәтижесі»,-деді Бас редактор, география ғылымдарының кандидаты Қали Омаров.
Мүсілім Әмзе - «Мәңгілік сарын» атты домбыра күйлері антологиясының, «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі», «Шаһнама» антология жинақтарының құрастырушысы, «Қазақстанның музыкалық мұрасы», «Қазақстандағы этностардың музыкалық мұралары» антология жинақтарының музыка редакторы. Отыз жылға жуық мәдениет саласының дамуына үлес қосып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет грамотасы», «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы беріліп, Қызылорда облысы әкімінің «Құрмет грамотасы» және Халықаралық Түрксой ұйымының «М.Төлебаев – 100 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
«Қазіргі таңда ғылымда жаңалық ашу – өте қиын. Мүсілім Әмзе ең алдымен орындаушы болса, екіншіден шығармашылықпен қатар ғылымды қатар алып жүрген ғалым. Жалпы ғылымда шығармашылық адамының зерттеу жүргізуі нәтижелі. Өйткені жан-жақты терең түсініп, тақырыпты түпкілікті аша алады. Бүгінгі кітап соның дәлелі. Оқулықта бір тұлғаның негізінде көптеген құнды ақпараттар берілген. Осы еңбек Сыр бойындағы музыкалық өнердің дамуына, оның ары қарай жалғасуына септігін тигізері анық»,-деді Қазанғап атындағы жоғары музыка колледжінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология кандидаты, жыршы Ұлжан Байбосынова.
Мәлік Жаппасбаевтың есімі қазақ музыкасында сирек кездеседі. Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің тарихында екі күйшінің есімі ерекше аталады. Соның бірі-Сырдың саңлақ күйшісі Мәлік Жаппасбаев. Автор өз еңбегінде 29 жыл ғұмыр кешкен біртуар өнер иесінің музыка мұрасын жинақтаған.
Кітап рецензенті, педагогика ғылымының докторы, профессор Шәрбан Майгелдиева: «Ғылыми еңбек - эстетикалық, құрылым жағынан өте сапалы. Қоғамның қажеттілігіне, маман даярлау сапасын арттыруға бағытталған құнды оқулық»,-деп пікір білдірді.
Салтанатты жиынға Сыр елінің өнер қайраткерлері, БАҚ өкілдері, қонақтар, оқу орнының профессор-оқытушылары мен білім алушылары қатысты. Қатысушылар Сыр өнерпаздарының орындауында Мәлік Жаппасбаевтың репертуарындағы күйлері мен әндерін тыңдап, рухани азық жинады.
Айта кетейік, салтанатты кеш А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Тұрмағамбет атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің күйші, композитор, дирижер Мәлік Жаппасбаевтың шығармашылығына арналған «Сәлем» концертімен жалғасты.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...