6В01202- Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогикасы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

6В01202- Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогикасы

Институт Гуманитарлық-педагогикалық институт (ГПИ)   
Кафедра Педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі 
Білім беру бағдарламаларының тобы В002 Мектепке дейінгі оқыту  және тәрбиелеу
Атауы 6В01202 - Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогикасы
Аккредитация Сертификат    
Білім беру бағдарламасының түрі Қолданыстағы
Білім беру бағдарламасының мақсаты Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиешісінің кәсіби іс-әрекетін тиімді жүзеге асыруға қабілетті, жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлау, халықаралық талаптарға сай бәсекелестікке бейімделген құзіретті кәсіби қызметті іске асыра алатын бакалаврларды дайындау
Білім деңгей Бакалавриат (Жоғары білім)
Кәсіби қызмет түрлері  - Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі;
- Мектепке дейінгі мекеме әдіскері;
- Мектепке дейінгі мекеме педагог –ұйымдастырушысы;
- Мектепке дейінгі мекеме әкімшілігі;
- Мектепке дейінгі мекеме психологі;
- Мектепке дейінгі мекемеде орыс,  ағылшын тілдерін үйретуші.
Кәсіби қызмет объектісі Мектепке дейінгі білім беру мекемелері (балабақшалар, бөбекжай-балабақшалар), жалпы білім беретін мектептердегі, лицейлердегі, гимназиялардағы шағын-орталықтар, қосымша білім беру жүйесі (балалар шығармашылығы орталығы, балаларды дамыту орталығы, репетиторлық орталығы, балалар сауықтыру лагері, т.с.с.), педагогикалық колледждер, біліктілікті арттыру және қайта даярлау институттары, білім беру департаменттері 
Білім беру бағдарламасының ерекшелігі Отандық және шетелдік ЖОО-да академиялық мобильділік; қосымша білім беру бағдарламасын игеру мүмкіндігі (Minor) - Арнайы педагогика; 2 білім алу траекториясы бойынша оқу мүмкіндігі.
Оқу түрі Күндізгі оқыту; ДОТ қолдану арқылы күндізгі оқыту.   
Оқыту формасы Бүкіл оқу мерзіміне 240 академиялық кредитті және бір оқу жылы үшін 60 академиялық кредитті игеру мерзімімен анықталады. Сәйкесінше оқу мерзімі 4 жыл. Студенттің оқу мерзімінің ұлғаюы немесе азаюы кезінде бір оқу жылында аз немесе көп академиялық кредиттер алуына рұқсат етіледі. Жоғары білімі немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалардың оқу мерзімі транскрипт (дипломға қосымша) негізінде айқындалатын білім алушының алғышарттары ескеріле отырып белгіленеді. Бұл ретте кредиттер қайта есептеледі және олардың көлемі жеткілікті және білім беру бағдарламасы үздіксіз болған жағдайда бұрын игерілген пәндер есепке алынады. 
Оқыту тілі Қазақ; Орыс  
Кредит көлемі/сағат 240/7200 
Білім алушыға қойылатын талаптар Жалпы орта білім; Техникалық және кәсіптік орта білім; Жоғары білім
Бағдарлама менеджері Бекжанова Бахытжамал Жорабекқызы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...