«Тарих. Тағдыр. Тағылым» атты ғылыми-танымдық конференция өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 01 маусым 2024
  • 175

«Тарих. Тағдыр. Тағылым» атты ғылыми-танымдық конференция өтті

Бүгін Қазалы ауданындағы Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Қорқыт Ата университеті мен аудан әкімдігі бірлесе ұйымдастырылған «Тарих. Тағдыр. Тағылым» атты тарихи-танымдық конференция өтті. 

447034726_999011801968352_2930704689567131187_n.jpg

447307483_999011808635018_1693336142278383747_n.jpg

447036081_999011848635014_4356425168993281814_n.jpg

Конференцияға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушы ғалымдары, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі аудандық жұмысшы топ мүшелері, тарихшы ұстаздар мен жастар қатысты. 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Ахметбек Бақытжан Мұқарамұлы «ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы Сыр бойында болған көтерілістер ақиқаты» тақырыбында, ал «Тарих және археология» білім бағдарламасының аға оқытушысы, тарих магистрі Жұмаділдаев Мәулен Мұратбекұлы «Қазақ байларын тәркілеу шаралары (Қызылорда өлкесі мысалында)» тақырыптарында баяндама жасады.

Жиын соңында тарихи өтпелі кезеңде ел-халықтың азаттығы жолында жазықсыз жапа шеккен, ашаршылық пен саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған ата-бабаларымызды жадымыздан шығармау перзенттік парызымыз, азаматтық борышымыз екенін айтылып, қорытындыланды.

447041053_999011835301682_8717473578388491403_n.jpg

447035314_999011828635016_407707929539222224_n.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...