ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – БАСТЫ ҚАҒИДАТ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 17 қараша 2026
  • 7

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – БАСТЫ ҚАҒИДАТ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттерімен профилактикалық кездесу өтті.

Кездесуге Қызылорда облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Серікбол Жеткергенұлы және жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Нұрлыбек Күмісбайұлы қатысты.

WhatsApp Image 2026-11-17 at 17.09.00 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-17 at 17.09.01 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-17 at 17.09.01.jpeg

Басқосуда полиция қызметкерлері студенттерге бұзақылық әрекеттерінің құқықтық салдары туралы түсіндіріп, тақырыпқа қатысты бейнеролик көрсетті. Сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада көзделген жауапкершілік, қылмыстық істің қозғалу тәртібі және оның адам өміріне тигізетін кері әсері жөнінде ақпарат берді.

WhatsApp Image 2026-11-17 at 17.09.02.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-17 at 17.09.00.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-17 at 17.09.01 (4).jpeg

Кездесу соңында мамандар жастарды заң талаптарын қатаң сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және әрбір әрекетіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации