ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 17 қараша 2026
  • 7

ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Жас заңгер» ғылыми-зерттеу үйірмесінің ұйымдастыруымен «Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы Конституцияның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесудің басты бағыты – жастардың құқықтық танымын кеңейту, Ата Заңда айқындалған құқықтық нормалардың мәнін ашу, сондай-ақ қоғамдағы құқықтық жауапкершілік пен заңға деген құрметті нығайту.

WhatsApp Image 2026-11-17 at 11.06.37.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-17 at 11.06.38 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-17 at 11.06.38.jpeg

Дөңгелек үстелге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Жандарбек Ғажданбекұлы қатысып, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері мен оның салдары туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар студенттерді заң талаптарын сақтауға, адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстануға шақырды.

Кездесу барысында Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс және жастар бөлімінің басшысы Ернұр Бауыржанұлы мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Жадыра Сламханқызы да өз ой-пікірлерімен бөлісті.

WhatsApp Image 2026-11-17 at 11.06.37 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-17 at 11.06.38 (2).jpeg

Спикерлер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң үстемдігі және құқықтық мемлекет қалыптастырудағы жастардың рөлі жөнінде маңызды мәселелерді қозғады.

Мұндай кездесулер болашақ заңгерлердің кәсіби көзқарасын қалыптастырып, заңға құрметпен қарайтын, құқықтық сауатты әрі жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации