Үнді биінің һас шебері — Cыр елінде
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 18 маусым 2024
  • 636

Үнді биінің һас шебері — Cыр елінде

БҰҰ Бас Ассамблеясы 21 маусымды Халықаралық йога күні деп жариялаған. Үндістан енгізген қарарды Бас Ассамблея құрамындағы барлық 175 мемлекет қолдағандықтан, осы атаулы күнге орай «Алматы-Қазақстан» үнді классикалық биі және йога орталығы» 2015 жылдан бастап жыл сайын Халықаралық йога күнін өткізіп келеді.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Ақмарал Қайназарова Қызылорда қаласында жаппай сауықтыруға негізделген йога сабағын өткізді. Оған қаламыздың әр түрлі жастағы 30-дан астам тұрғыны қатысты. Халықаралық йога күнінің мақсаты - йоганың денсаулыққа пайдасы туралы халықтың хабардарлығын арттыру.
Мұнан соң Студенттер сарайында концерт өтті. Кеште Үнді классикалық билері мен Ақмарал Қайназарованың шығармашылығымен қазақ-үнді ырғақтарының үндестігі хореографиясы қойылды.
 
135.jpg
 
136.jpg
 
Үнді биінің хас шебері Ақмарал Қайназарованың «Үнді классикалық биі. Қазақстан және Үндістан» кітабының тұсау кесері өтті. Оған Еңбек ардагері, «Темірбек Жүргенов» қоғамдық қорының төрағасы Сәпен Аңсатов, университеттің Ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнұр Бөрібаева, «Дәстүрлі музыка өнері және хореография» кафедрасының аға оқытушысы, доцент Гүлбану Мырзабаева мен хореографтар, аталған мамандық студенттері қатысты.
Сонымен қатар, Үнді классикалық биінің шебер орындаушысы «Бхаратанатьям биі» бойынша шеберлік сағатын өткізіп, әріптестері мен студенттерге өз тәжірибесімен бөлісті.
– Үнді классикалық биінің орындаушысы, ұстаз болғаныма биыл 26 жыл толып отыр. Үндістанда 7 жыл оқыдым. Қазақстан және Орта Азия бойынша осы саладағы алғашқы кәсіби маманмын. Үнді классикалық биінің терминологиясын, болмысын, оның екі ел арасындағы әсем, ерекше ғажайып үндестігін жазып қалдыруды мақсат тұттым. Тақырып ауқымы өте кең, мұхит сияқты. Сол жақта тұрғанда 2 арманым болды. Біріншісі, Алматыда жеке би орталығын ашу, екіншісі үнді классикалық биі жайлы кітап жазу еді. Сол армандарым орындалды. Үнді классикалық биі – философиялық өнер. Ол рухани құндылықтарға бай, – дейді хореограф Ақмарал Қайназарова.
 
137.jpg
 
138.jpg
 
Биші бірнеше күн бойы түрлі іс-шараларды ұйымдастырып жүрген университет ұжымы мен уақыт бөліп қатысқан көрермен қауымға алғысын білдірді.
 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...