«INNOFEST» спикерлері жасанды интеллект жобаларымен танысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 07 қараша 2025
  • 74

«INNOFEST» спикерлері жасанды интеллект жобаларымен танысты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне танымал блогер, IT сарапшылар мен шоу бизнес өкілдері келді. Атап айтқанда, актер, режиссер, тележүргізуші Дәурен Серғазин мен кәсіпкер, EdTech және AI саласының эксперті Ғани Абадан және маркетолог, «Baipket academy» негізін қалаушы Ақсұлтан Қалиев. Сонымен қатар меймандар қатарында жасанды интеллект зерттеушісі Тимур Бектұр және Qalan.kz компаниясының бас директоры Асқар Болат та бар. 

IMGL4791.jpg

IMGL4749.jpg

IMGL4815.jpg

IMGL4855.jpg

IMGL4754.jpg

Қонақтарды университеттің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова қарсы алып, білім ордасының жалпы қызметімен, соның ішінде Жасанды интеллект институтының жұмысымен таныстырды. Студенттер IT көрме ұйымдастырып, инновациялық жобалары жөнінде Smart-шолу жасады.  
Кездесу барысында қонақтар білім ордасындағы заманауи бастамалар мен технологиялық бағыттағы жетістіктерге жоғары баға берді.

IMGL4945.jpg

IMGL4962.jpg

IMGL4862.jpg

IMGL5145.jpg

IMGL4686.jpg

«Елімізде жасанды интеллект саласы қалай дамып жатыр екен деп уайымдап жүрген едім. Бүгін университетпен танысып, осы сала бойынша оқып жатқан студенттерді көріп, өте қуанып қалдым. Ішімдегі қорқыныш басылды», – деді актер, режиссер, тележүргізуші Дәурен Серғазин.
Меймандар одан әрі Қызылорда облысының жастарына арналған инновациялық жобалар фестиваліне қатысады.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...