Шетелдік студенттермен көші-қон қызметі өкілдері кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 қараша 2025
  • 113

Шетелдік студенттермен көші-қон қызметі өкілдері кездесті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде шетелдік студенттермен көші-қон басқармасының басшысы мен қызметкерлерінің кездесуі өтті.

Жиынды Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бурибаева ашып, студенттер мен қонақтарға жылы лебізін білдірді. Ол университетте түрлі елдерден келген жастардың білім алып жатқанын атап өтіп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, көші-қон заңнамалары туралы түсіндіру жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.

WhatsApp Image 2025-11-21 at 16.33.59.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 16.33.58 (2).jpeg

Кездесу барысында көші-қон басқармасының өкілдері шетелдік студенттердің Қазақстан Республикасында болу ережелері, тіркеу, виза мерзімін ұзарту және көші-қон заңнамаларына қатысты маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.

WhatsApp Image 2025-11-21 at 16.33.58 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 17.05.36 (1).jpeg

Мұндай шаралар шетелдік студенттердің құқықтық мәдениетін арттырып, олардың Қазақстандағы оқу және тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...