Кеймён университетімен ынтымақтастық жалғасуда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 18 қараша 2025
  • 63

Кеймён университетімен ынтымақтастық жалғасуда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева Кеймён университетінің профессоры, доктор Чагры Эрдемді қабылдады. Кездесу барысында жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық және университеттер арасындағы бірлескен жобалар талқыланды.

325.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Кеймён университеті Корея қорының «Ғаламдық электрондық мектеп» жобасын бірлесіп жүзеге асырып келеді. Жоба аясында кореялық әріптестердің ұсыныстарына сәйкес Кеймён университеті бір семестрге арналған 3 кредиттік онлайн курстар ұсынады.

Айта кетсек, университетімізде «Корей тіліне кіріспе», «Шет тілі ретіндегі корей тілінің лексикологиясы», «Корей қоғамы мен мәдениеті» пәндері онлайн форматта жүргізілді.

Қазіргі уақытта «Шет тілдері және аударма» білім беру бағдарламасының студенттеріне қыркүйек–желтоқсан айлары аралығында «Корей қоғамы және халықаралық қатынастар» курсы онлайн түрде өткізіліп жатыр.

555555.jpg

14 қараша күні осы курстың лекторы, Корея Республикасының Кеймён университеті Адамс колледжінің Халықаралық бизнес және халықаралық қатынастар кафедраларының меңгерушісі, профессор Чагры Эрдем Қызылорда қаласына арнайы келіп, студенттерге офлайн дәріс өткізді.

Бұл кездесу студенттер үшін Корея қоғамы мен халықаралық қатынастары туралы тереңірек білім алуға мүмкіндік берді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...