«Күміс университет» жобасы аясында шахмат турнирі өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 21 ақпан 2025
  • 151

«Күміс университет» жобасы аясында шахмат турнирі өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ардагер ұстаздардың арасында шахматтан турнир өтті. Іс-шара «Күміс университет» жобасы аясында ұйымдастырылды. Жарысқа оқу орнының 50 жастан асқан профессор-оқытушыларынан құралған 6 команда қатысты.

WhatsApp Image 2025-02-21 at 16.41.24.jpeg

WhatsApp Image 2025-02-21 at 16.41.26 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-02-21 at 17.42.54.jpeg

WhatsApp Image 2025-02-21 at 16.41.27.jpeg

Турнирдің басты мақсаты – профессор-оқытушылар мен ардагер ұстаздар арасында шахмат ойынын кеңінен насихаттау, зияткерлік қабілеттерді дамыту, салауатты өмір салтын қолдау және өзара ынтымақтастықты нығайту.

Сайыс қорытындысы бойынша Гуманитарлық-педагогикалық институты – І орын, Педагогика және дәстүрлі өнер институты – ІІ орын, Инженерлік-технологиялық институты – ІІІ орынды иеленді. Үздік ойыншыларға номинациялар беріліп, арнайы сыйлықтармен марапатталды.  

WhatsApp Image 2025-02-21 at 16.41.25.jpeg

WhatsApp Image 2025-02-21 at 16.41.25 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-02-21 at 16.41.26.jpeg

WhatsApp Image 2025-02-21 at 16.41.27 (1).jpeg

Айта кетейік, бұл Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығы, университеттің Кәсіподақ комитеті, Ардагерлер кеңесі және  Дене тәрбиесі секциясының бірлескен шарасы.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...