Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жобалық кеңсенің бас ғылыми қызметкерінің 0,5 штаттық бірлігіне бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 11 қараша 2025
  • 352

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жобалық кеңсенің бас ғылыми қызметкерінің 0,5 штаттық бірлігіне бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды


Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 7 слайдтан артық емес) және ПОҚ үшін электрондық тасымалдағышта сақталған үміткермен өткізілген онлайн сабақ;

7) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

8) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

 Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

 Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Бас ғылыми қызметкер білуге міндетті: Негізгі ғылыми мәселелер мен олардың зерттеу саласындағы жетістіктері, олардың қызметі саласындағы қазіргі даму бағыттары, зерттеу тақырыбы бойынша отандық және халықаралық жетістіктер, ғылыми зерттеулерді жоспарлау мен жүргізудің заманауи әдістері мен құралдары, маркетинг негіздері және ғылым туралы заңнама, еңбекті ұйымдастыру, өндіріс пен басқару, еңбек заңнамасы, сондай-ақ еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелері. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, орындалатын жұмыс туралы; ақпаратты тиімді басқару принциптері; университет қызметін ақпараттық қамтамасыз етуге қатысты құжаттаманы дайындау, жүргізу және сақтау тәртібі; заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (мәтіндік процессорлар, электрондық кестелер), Интернетте жұмыс істеу принциптері, мультимедиялық жабдықтарды пайдалану тәсілдері; қарым-қатынас психологиясының, әлеуметтану мен кәсіби қарым-қатынас этикасының негіздері; еңбек заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібі; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті саладағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, оның ішінде докторантура, ғылым кандидаты немесе PhD докторы. Тиісті жұмыс тәжірибесі кемінде 10 жыл. Негізгі ғылыми еңбектер, авторлық куәліктер және тиісті оқу саласы бойынша тәжірибелік нәтижелер қажет.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17:00 сағат 20.11.2025ж. Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, 302 каб.; e-mail: ksu@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...