Қорқыт ата университетінде Қырғызстандық докторанттар ғылыми тағылымдамадан өтуде
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 12 ақпан 2026
  • 83

Қорқыт ата университетінде Қырғызстандық докторанттар ғылыми тағылымдамадан өтуде

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қырғыз Республикасындағы Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университеттен келген 4 докторант ғылыми тағылымдамадан өтуде.

WhatsApp Image 2026-02-12 at 16.42.18.jpeg

WhatsApp Image 2026-02-12 at 16.42.19 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-02-12 at 16.42.19.jpeg

Тағылымдама барысында докторанттар университетте дәріс оқып жүрген Оңтүстік Кореялық профессордың Python бағдарламалау тілі бойынша заманауи, практикалық бағыттағы сабақтарына қатысып, IT саласындағы озық халықаралық тәжірибемен танысуда. 
Сонымен қатар, қырғызстандық жас ғалымдар университеттің профессор-оқытушылар құрамымен ғылыми пікір алмасып, зерттеу бағыттарын талқылап, болашақ бірлескен жобалардың негізін қалады. Академиялық ортадағы ашық диалог пен кәсіби ынтымақтастық халықаралық ғылым интеграциясының нақты көрінісіне айналды. 

WhatsApp Image 2026-02-12 at 16.45.12.jpeg

WhatsApp Image 2026-02-12 at 16.45.13.jpeg

WhatsApp Image 2026-02-12 at 16.42.19 (2).jpeg

Қонақтар университеттің ғылыми әлеуетіне, заманауи инфрақұрылымына және білім беру сапасына жоғары баға беріп, осындай тәжірибе алмасулар Орталық Азия мен халықаралық академиялық кеңістікті байланыстыратын маңызды көпір екенін атап өтті.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...