Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі басшысының бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 08 қыркүйек 2022
  • 1843

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі басшысының бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралымәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімінің басшысы білуі тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық, басқа нормативтік құқықтық актілерін және тиісті білім, ғылым мен техника саласының ғылыми проблемаларын, экономикалық қызметтің осы түрінің даму бағыттарын, жоғарғы тұрған органдардың басшылық материалдарын, осы мәселелер бойынша отандық және шетелдік жетістіктерді, ұйымның бекітілген тәртібін, ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерді ұйымдастыру, жоспарлау және қаржыландырудың бекітілген тәртібін, жұмыстарды басқа ұйымдармен бірлесіп орындаған кезде келісімшарттар жасап, орындау тәртібін, маркетингті, бөлімшенің ғылыми жабдықтарын, оларды пайдалану ережелерін, өнертабыстар мен жаңалықтарға өтінім жасау, құралдар, материалдар, басқа ғылыми жабдықтар алуға ғылыми-техникалық құжаттамалар мен өтінімдер рәсімдеу тәртібін, ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерді басқару жүйелерін, ғылыми қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруды, бағалау мен төлем жасауды, оларды материалдық көтермелеу түрлерін, мамандар даярлау мен біліктіліктерін арттырудың қолданыстағы ережелерін, іс-қағаздарды ұйымдастыру бойынша басшы материалдарды, еңбек заңнамалығын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын.

Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімінің басшысының біліктілік талаптары: Ғылыми дәрежесі немесе PhD дәрежесі болуы. Ғылыми еңбектері болуы. Кемінде 5 жыл ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.09.2022 ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, HR қызметі, 205 каб.; e-mail: otdelkadrov_kgu@mail.ru.

Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: HR қызметі 8(7242)27-86-28.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...