ЖАСТАРДЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРГЕН «CREATIVE DAY»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 22 мамыр 2026
  • 115

ЖАСТАРДЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРГЕН «CREATIVE DAY»

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен «AMANAT» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен жастардың басын қосқан «Creative Day» іс-шарасы өтті. 

Шараның басты мақсаты – жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, құқықтық және қаржылық сауаттылығын дамыту. 

Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен таныстырып, жұмыспен қамтуға қолдау көрсету және жастар арасында тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.

WhatsApp Image 2026-05-22 at 17.20.09.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-22 at 17.20.10 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-22 at 17.20.11.jpeg

Жиында партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай жастардың қоғамдағы рөліне тоқталып, іс-шараның маңызын атап өтті.

Жиын барысында  қатысушылар баспана алу мүмкіндіктері, қаржылық сауаттылық, заң көмегі, кәсіпкерлік бастамалар, алаяқтықтың алдын алу, денсаулық сақтау және экологиялық мәдениет бағыттары бойынша сала мамандарынан нақты кеңестер алды. 

Сонымен қатар Мансап орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысып, тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысты.

WhatsApp Image 2026-05-22 at 17.20.16.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-22 at 17.20.13 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-22 at 17.20.14 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-22 at 17.20.15.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-22 at 17.20.13.jpeg

Айта кетейік, жәрмеңкеге 17 мекеме қатысып, жастар бағдарламалары аясында 295 бос жұмыс орны ұсынылды. 

Шара барысында жастар өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алып, мемлекеттік бағдарламалар мен жастарға арналған жобалар жөнінде мәлімет алды. 

Ұйымдастырушылар мұндай мазмұнды кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации