ҚЫЗЫЛОРДАДА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СТАРТАПТАРҒА АРНАЛҒАН DEEPSCALE 2.0 ИНКУБАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛАДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 11 наурыз 2026
  • 11

ҚЫЗЫЛОРДАДА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СТАРТАПТАРҒА АРНАЛҒАН DEEPSCALE 2.0 ИНКУБАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛАДЫ

Қызылорда қаласында инновациялық және ІТ-жобаларды қолдауға бағытталған DEEPSCALE 2.0 инкубациялық бағдарламасы іске қосылады. Бағдарлама MVP деңгейіндегі өнімге ие және pre-seed немесе seed инвестицияларын тартуды жоспарлап отырған стартап-командалар мен жас кәсіпкерлерге арналған.

Бағдарлама аясында қатысушылар стартапты дамыту мен нарыққа шығарудың негізгі кезеңдері бойынша тәжірибелік білім алады. Атап айтқанда, бизнес-модельді жетілдіру, өнімді коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу, сатылым жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ инвесторлармен жұмыс істеу және инвестиция тарту дағдыларын меңгереді.

Сонымен қатар, қатысушылар тәжірибелі кәсіпкерлерден, салалық сарапшылардан және инвесторлардан менторлық қолдау алып, өз жобалары бойынша кәсіби кеңестер мен кері байланысқа ие болады.

Дипскейл анонс.png

DEEPSCALE инкубациялық бағдарламасы 2026 жылғы 16 наурыз бен 14 сәуір аралығында онлайн және офлайн форматта өткізіледі.

Қатысу тегін.

Офлайн кездесулердің мекенжайы: Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі, 11.

Бағдарламаны Қызылорда облысының ақпараттық технологиялар орталығы мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ұйымдастырады.

DEEPSCALE 2.0 бағдарламасы өңірдегі перспективалы технологиялық жобаларды дамытуға, стартаптарды инвестиция тартуға дайындауға және олардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

 


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации