ПРЕЗИДЕНТ АТЫНАН КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА БАСЫЛЫМЫ ҒЫЛЫМИ ҚАУЫМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТАЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 30 маусым 2026
  • 15

ПРЕЗИДЕНТ АТЫНАН КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА БАСЫЛЫМЫ ҒЫЛЫМИ ҚАУЫМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Конституцияның жаңа редакциясының басылымын салтанатты табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға Конституцияны түсіндіру және оны іске асыру бағытында еңбек еткен ғылыми қауымдастық өкілдері, сарапшылар, заңгер-ғалымдар мен жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары қатысты. 

Салтанатты рәсім Конституцияның жаңа редакциясының 1 шілдеден бастап күшіне енуіне орай ұйымдастырылды. 
Президент атынан жаңа басылым ғылыми қауымдастық өкілдеріне табысталып, Ата Заңның қоғам өміріндегі маңызы ерекше атап өтілді. Жиында Конституциялық реформаларды халыққа кеңінен түсіндіруге үлес қосқан азаматтардың еңбегі жоғары бағаланды.

WhatsApp Image 2026-06-29 at 22.56.15.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-29 at 22.56.16.jpeg

Іс-шара барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сөз сөйлеп, Конституцияның ел тәуелсіздігі мен тұрақты дамуының берік негізі екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ата Заңның мазмұнын халыққа қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізу – баршаға ортақ міндет. Биылғы ақпан-маусым айлары аралығында республика бойынша конституциялық реформаларды түсіндіруге арналған шамамен 2500 іс-шара өткізіліп, бұл жұмыстарға жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары белсенді атсалысты.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации