ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ҚЫТАЙДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 20 шілде 2026
  • 104

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ҚЫТАЙДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСТЫ

«Бір белдеу – бір жол» бастамасына қатысушы елдердің Қытай мәселелерін зерттеу жөніндегі сарапшыларды даярлауға арналған халықаралық бағдарлама аясында Экономика және құқық институтының директоры Айнұр Исаева, аға оқытушы Гүлзат Өтегенова бірқатар ғылыми-білім беру іс-шараларына қатысты.
Бағдарлама Қазақстан, Қытай, Палестина, Камбоджа, Лаос, Малайзия, Таиланд, Түркия, Бенин және Нигериядан келген қатысушылардың басын қосып, тәжірибе алмасуға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

WhatsApp Image 2026-07-20 at 09.56.13 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-07-20 at 09.56.13.jpeg

Университет өкілдері «Қытайдың ұлттық даму жоспарлауының эволюциясы мен әдіснамасы» тақырыбындағы семинарға қатысып, Қытайдың стратегиялық жоспарлау жүйесі, бесжылдық даму жоспарларының қалыптасуы және олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі туралы жан-жақты ақпарат алды.
Сондай-ақ, қатысушылар «Қытайдың кедейлікті жою тәжірибесі және одан алынған сабақтар» тақырыбындағы дәріске қатысты. Онда Қытайдың кедейлікті азайтуға бағытталған мемлекеттік саясаты, ауылдық аумақтарды дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, өңірлік теңгерімді дамыту және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ету бағытындағы тәжірибесі кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, бұл саладағы Қытайдың жетістіктері мен халықаралық деңгейде жоғары бағаланған тәжірибесі талқыланды.

WhatsApp Image 2026-07-20 at 09.56.14.jpeg

Бағдарлама аясында қатысушылар ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген адамзат өркениетінің ең ірі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі – Ұлы Қытай қорғанына барып, тарихи нысанның бай тарихы мен мәдени құндылықтарымен танысты.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации