АБАЙҒА ҚҰРМЕТ – РУХАНИЯТҚА ТАҒЗЫМ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 тамыз 2026
  • 39

АБАЙҒА ҚҰРМЕТ – РУХАНИЯТҚА ТАҒЗЫМ

10 тамыз – Абай күніне орай Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп аумағында ұлы ақынның рухына тағзым ету рәсімі өтті.
Тағылымды жиынға  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов бастаған университет ғалымдары қатысты. Университет өкілдері ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Абайдың рухани мұрасына құрмет білдірді.

WhatsApp Image 2026-08-10 at 16.20.09 (1).jpeg
Іс-шара барысында ұлы ақынның шығармашылық мұрасы әдеби-музыкалық композициялар арқылы кеңінен насихатталды. Қатысушылар Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Өзгеге көңілім тоярсың» сынды әндерін тыңдап, ақынның терең ой мен тағылымға толы қара сөздерінен үзінділерге қанықты.

WhatsApp Image 2026-08-10 at 16.20.09 (2).jpeg
Ғасырлар өтсе де өзектілігін жоғалтпаған Абайдың шығармалары білімге, парасатқа, адамгершілік пен ізгілікке үндейді. Ұлы ақынның мол мұрасы ұлттық руханияттың маңызды бөлігі ретінде жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етіп келеді.

WhatsApp Image 2026-08-10 at 16.20.09 (3).jpeg

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации