ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚЫТУШЫ ҰЛЫБРИТАНИЯДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУДЕ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 тамыз 2026
  • 44

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚЫТУШЫ ҰЛЫБРИТАНИЯДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУДЕ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Инженерлік-технологиялық институтының «Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Мөлдір Ашимова 2026 жылдың наурыз айынан бастап «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Ұлыбританиядағы Лидс университетінде (University of Leeds) ғылыми тағылымдамадан өтуде.

WhatsApp Image 2026-08-10 at 16.39.22 (2).jpeg

Лидс университеті – Ұлыбританияның жетекші зерттеу университеттерінің бірі және беделді Russell Group құрамына кіреді. Тағылымдама барысында Мөлдір Ашимова телекоммуникациялық технологиялар, заттар интернеті, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік бағыттарында кәсіби және зерттеушілік тәжірибесін жетілдіруде.

Тағылымдама кезеңінде ол Оксфорд университетінің Saïd Business School базасында өткен «Making AI Work for Business» бағдарламасына, Лондондағы Cyber Science 2026 халықаралық конференциясына, AI Summit London 2026 және London Tech Week 2026 халықаралық іс-шараларына қатысты. Сондай-ақ, Эдинбургте өткен Edinburgh Centre for Robotics Annual CDT Conference 2026 конференциясында жасанды интеллект, робототехника және автономды жүйелер саласындағы жаңа зерттеулермен танысты.

WhatsApp Image 2026-08-10 at 16.39.22.jpeg

Мөлдір Ашимованың ғылыми жетістіктерінің бірі – Лидс университетінде өткен ELEC PGR Conference 2026 конференциясында Best PGR Poster Award («Үздік ғылыми постер») номинациясы бойынша марапатқа ие болуы.

Сонымен қатар, 2026 жылдың маусым айында ол Түркияның Ыстамбұл қаласындағы Истинье университетінде өткен ICCSDFAI 2026 халықаралық конференциясында ғылыми баяндама жасап, зерттеу нәтижелерін халықаралық ғылыми қауымдастыққа ұсынды.

WhatsApp Image 2026-08-10 at 16.39.20 (1).jpeg

Тағылымдама аясында Мөлдір Ашимова Nuffield Hospital Leeds ауруханасына барып, тізе буынын ауыстыру бойынша роботтандырылған операцияның жүргізілу барысын бақылап, медицинадағы робототехника мен цифрлық технологиялардың қолданылу тәжірибесімен танысты.

Айта кетейік, Мөлдір Ашимова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының «Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасына» да конкурстық іріктеуден сәтті өтті. Ол аталған бағдарламаға Қызылорда облысынан іріктелген екі өкілдің бірі атанды.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации