ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: СТУДЕНТТЕРГЕ АЛАЯҚТАРҒА САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 18 қыркүйек 2026
  • 15

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: СТУДЕНТТЕРГЕ АЛАЯҚТАРҒА САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен бірінші курс студенттеріне арналған «Қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Басқосуға университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері, комиссия төрағасы Әлібек Жаппасбаев, Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің АМІЖ тергеушісі Майра Оралбаева және департаменттің бас маманы Сандуғаш Ержанова қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы ақпарат беру, күмәнді ұсыныстардан сақтану жолдарын түсіндіру және заңсыз қаржылық операцияларға тартылудың алдын алу.

Кездесу барысында Майра Оралбаева лудомания мәселесіне арнайы тоқталды. Ол студенттерге оңай жолмен табыс табуға уәде беретін ұсыныстарға сенбеу қажеттігін айтып, әлеуметтік желілердегі букмекерлік кеңселер мен онлайн ойындарға қатысты жарнамаларға абай болуға шақырды. Сондай-ақ құмар ойындарға тәуелділіктің қаржылық және әлеуметтік салдары туралы түсіндірді.

Сонымен қатар студенттерге бөгде адамдардың өтініші бойынша өз банк картасын, шотын немесе жеке деректерін пайдалануға берудің қауіпті екені айтылды. Өзге адамның қаражатын аударуға көмектесу немесе заңсыз қаржылық операцияларға қатысу қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екені түсіндірілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында студенттерге қаржылық алаяқтықтың түрлі жағдайлары бейнероликтер арқылы көрсетіліп, күмәнді қоңырауларға, хабарламаларға және интернеттегі ұсыныстарға сақтықпен қарау қажеттігі ескертілді.

Кездесу соңында студенттер өздерін қаржылық алаяқтықтан қорғау, күмәнді операцияларға тап болған жағдайда әрекет ету және заңсыз қаржылық схемаларға тартылмау жөнінде қажетті ақпарат алды.

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации