ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ИНСТИТУТЫНДА БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 30 қазан 2026
  • 36

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ИНСТИТУТЫНДА БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – ректор Наурызбай Байқадамов Жаратылыстану институтының оқытушыларымен кездесті. Басқосуда инклюзивті білім беруді дамыту, студенттердің академиялық мүмкіндіктері және университеттің стратегиялық даму бағыттары талқыланды.
Жиында университет басшысы Наурызбай Сейтқалиұлы білім беру сапасын арттыруда оқытушылардың рөліне ерекше назар аударып, оқу үдерісін жетілдіру, дуальді оқытуды дамыту және білім алушыларға сапалы білім беру бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген міндеттерге тоқталды.

WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.03.33.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.03.33 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.03.32 (1).jpeg

Басқосуда Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі – проректор Дана Абдрашева білім алушыларға арналған мүмкіндіктерге тоқталды. Атап айтқанда, жаратылыстану бағытындағы студенттерге арналған тегін ағылшын тілі курстары, Erasmus бағдарламасы, бакалавриат пен докторантура мәселелері, инклюзивті білім беру және педагогтердің білімін бағалау (ОЗП) бағыттары бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар дипломдық жұмыстарды орындау және GPA көрсеткіші жоғары студенттердің «Sandwich» бағдарламасы аясында тәжірибе жинақтау мүмкіндіктерін түсіндірді.

WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.03.33 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.03.32.jpeg

Стратегиялық даму және IT жөніндегі проректор Баянәлі Досжанов университеттің стратегиялық даму жоспары аясында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды. Соның ішінде eGov Mobile мобильді қосымшасы, «AI-Sana» бағдарламасы, жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу және QS халықаралық рейтингі бағыттарына тоқталды.

Ал университеттің Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Наргүл Аманқызы алдағы уақытта оқытушылармен жеке кездесулер ұйымдастырылып, өзекті мәселелер мен атқарылатын жұмыстар талқыланатынын жеткізді. Оқытушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации