«ШАҺНАМА» – ӘЛЕМДІК ӘДЕБИЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТТЫ ЖАЛҒАСТЫРҒАН МҰРА
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 30 қазан 2026
  • 31

«ШАҺНАМА» – ӘЛЕМДІК ӘДЕБИЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТТЫ ЖАЛҒАСТЫРҒАН МҰРА

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Шаһнама» және Тұрмағамбет – әлем әдебиетінің мәңгілік мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысы өтті. Халықаралық басқосу парсы әдебиетінің жауһары саналатын «Шаһнама» дастанының әлем әдебиетіндегі орны мен Тұрмағамбет Ізтілеуовтің аудармашылық мұрасын ғылыми тұрғыдан зерделеуге арналды.

WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.12.39.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.12.39 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.12.39 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.12.39 (3).jpeg

Пленарлық отырыста университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры Наурызбай Байқадамов сөз сөйлеп, конференцияның басты мақсаты – шығарманың әлем әдебиетіндегі орнын айқындау, ғылыми тұрғыдан зерделеу және халықтар арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту екенін атап өтті. 
Жиында облыс әкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың атынан құттықтауын жеткізіп, конференцияның рухани-мәдени маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар Тұрмағамбет мұрасын зерттеп, насихаттауда Мардан Байділдаевтың еңбегі зор екенін айтып, тарихи мұраны келер ұрпаққа жеткізу ортақ міндет екенін жеткізді.

WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.17.25 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.17.25 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.12.41.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.12.40 (2).jpeg

Халықаралық конференцияға Үндістан, Иран, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы және Қазақстаннан келген ғалымдар мен зерттеушілер қатысып, «Шаһнама» дастанының әдеби-көркемдік және философиялық ерекшеліктері, Тұрмағамбет Ізтілеуовтің аудармашылық шеберлігі, қолжазба нұсқаларының зерттелуі, сондай-ақ шығарманың тарихи-мәдени және деректік маңызы жөнінде ғылыми баяндамалар жасады. Сонымен қатар қазақ әдебиетінің шығыс әдебиетімен сабақтастығы мен аударма өнерінің даму ерекшеліктері кеңінен қарастырылды.

WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.12.41 (4).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.12.40 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.12.41 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.12.41 (3).jpeg

Пленарлық отырыста дастанның көркемдік-философиялық мазмұны, аударманың ұлттық сипаты, тарихи-мәдени құндылығы мен ғылыми зерттелу бағыттары жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар қолжазба мұраларды зерттеу және Тұрмағамбет шығармашылығын халықаралық деңгейде насихаттау мәселелері көтерілді. Конференция аясында Тұрмағамбет Ізтілеуовтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптары қойылған көрмемен қонақтар танысып, ақынның әдеби мұрасына ерекше қызығушылық танытты.


Қ
орқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации