«ӨМІР-АЙ» ДРАМАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 20 қараша 2026
  • 57

«ӨМІР-АЙ» ДРАМАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Арман» инклюзивті театры Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Талғат Телеубаевтың «Өмір-ай» драмалық пьесасын көрермен назарына ұсынды.

Қойылымда адам өміріндегі күрделі мәселелер, отбасылық қарым-қатынас, адамгершілік құндылықтар мен адами сезімдер арқау болған. Қоғам үшін өзекті тақырыптарды қозғаған спектакль көрерменді терең ойға жетелеп, өмірге жаңаша көзқараспен қарауға үндеді.

WhatsApp Image 2026-11-20 at 17.26.15.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-20 at 17.26.15 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-11-20 at 17.26.16 (2).jpeg

Спектакль оқиғасы басты кейіпкердің отбасындағы қуанышты сәттен басталады. Оқиға өрбіген сайын кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынас, олардың ішкі жан дүниесі, сезімдері мен өмірлік ұстанымдары түрлі жағдайлар арқылы ашыла түседі. Өмірдің қуанышы мен қиындығы қатар суреттеліп, әрбір кейіпкердің тағдыры арқылы адам болмысының сан қыры бейнеленді.

«Өмір-ай» қойылымының негізгі мақсаты – көрерменнің жүрегіне жол тауып, өмірдің қадірін ұғындыру, адамдар арасындағы сыйластық пен өзара түсіністіктің маңызын жеткізу. Туынды көрерменге кейіпкерлер тағдырына бүгінгі күн тұрғысынан баға беріп, адамгершілік құндылықтар туралы ой түюге мүмкіндік берді.

WhatsApp Image 2026-11-20 at 17.26.16.jpeg

WhatsApp Image 2026-11-20 at 17.26.16 (1).jpeg

Қойылым соңында көрермендер театр ұжымының өнеріне ризашылық білдіріп, спектакльді жылы қабылдады.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации