Жаратылыстану институтының директоры тағайындалды  
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 30 қаңтар 2023
  • 2091

Жаратылыстану институтының директоры тағайындалды  

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жаратылыстану институты директоры қызметіне Нұрлыбек Ахатаев тағайындалды.

Алдымен жиында ректордың міндетін атқарушы Майнұр Бөрібаева, Әлеуметтік және тәрбие жұмыстар жөніндегі проректор Жандос Базартай 2019 жылдан бері Жаратылыстану институты директоры лауазымын абыроймен атқарып келген ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Самалбек Қосановты «Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС-нің Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

IMGL8189.JPG

Жаңадан тағайындалған Жаратылыстану институтының директоры Нұрлыбек Ақарыстанұлы 1983 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2000-2005 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Химия» мамандығы бойынша университетті үздік дипломмен тәмамдады. 

2006-2009 жылдары Алматы қаласындағы «Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ «органикалық химия» мамандығы бойынша аспирантурасында бітірді. 

Ахатаев Нұрлыбек Ақарыстанұлы 2010 жылы химия ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2005 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының оқытушысы қызметінен бастады.

2007-2011 ж.ж. Алматы қаласындағы «Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ Синтетикалық және табиғи дәрілік заттар зертханасында инженері, кіші ғылыми қызметкері. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Химия кафедрасында оқытушысы, Жаратылыстану-география факультеті декан орынбасары.

2011-2021 ж.ж.  Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Жаратылыстану факультетінің декан орынбасары, «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасында ғылыми қызметкер, «Химия және экология» кафедрасында аға оқытушы, қауымдастырылған профессор м.а., «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты, «Әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтар» кафедрасының меңгерушісі, «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық және кәсіби бағдар беру бөлімінің жетекшісі, Инженерлі-экологиялық факультет декан орынбасары.

Осы уақытқа дейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Инжинирингтік технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы,  «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасында аға ғылыми қызметкер, зертхана жетекшісінің міндетін атқарушы қызметтерін атқарып келді.

Нұрлыбек Ақарыстанұлы – шетелдік және отандық ғылыми басылымдарда 25 мақала, халықаралық және республикалық конференциялардың 36 материалы мен тезисі, 6 ҚР инновациялық патенті, 1 оқу құралы, 2 монография түріндегі 70-ке жуық ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы.

IMGL8157.JPG

IMGL8243.JPG

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...